Тіршілік қағидасы

Тіршілік қағидасы
жеке
блог

Тіршілік қағидасы...


Таңмен бірге орыныңнан тұрасың,

Терезеңнен үңілесің көшеге.

Сол көрініс, айтар болсаң расын,

Солай болған кеше де...


Қыбыр-қыбыр қыбырлаған пенделер,

Иә, бәрі жетсем дейді табысқа.

Таңмен бірге дүние солай дөңгелер,

Сенде ере жөнелесің ағысқа.


Күнде солай күтуменен келесің,

Жан қуантар бір жаңалық болардай.

Қуалайсың әлдененің елесін,

Бар пенденің басында бұл болар жай...


Таңмен бірге тағы орныңнан тұрасың,

Терезеңнен үңілесің көшеге.

Сол көрініс, айтар болсаң расын,

Солай болған кеше де...