Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ең сүйікті аксессуарым (ЭСТАФЕТА). Менің ең сүйікті аксессуарым - қол сағат

Ең сүйікті аксессуарым (ЭСТАФЕТА). Менің ең сүйікті аксессуарым - қол сағат

Ең сүйікті аксессуарым (ЭСТАФЕТА). Менің ең сүйікті аксессуарым - қол сағат

Бүгін өзіміздің ауылда тағы бір эстафетаны  бастадым. Менің ең сүйікті аксессуарым деп алдым. Өйткені қазіргі заманда әрбір тұлға өзінің ерекшелігін көрсету немесе өз сұранысын қанағаттандыру мақсатында әртүрлі аксессуарларды пайдаланады.

Өзімнің сүйікті аксессуарыма келсем, ол  - қол сағаттары.  Мен үшін қол сағаты бірнеше функцияларды орындайды:

  • уақытты білу;
  • ай-күнді білу;
  • апта күнін білу;
  • стильді аксессуар;
  • ерекшелену т.б.

Сағат таққанға үйренгенім сонша, егер қолымда сағатым жоқ болса өзімді кем сезінемін. Жақында қайын әпкем Нью-Йорктан сыйлыққа Guess W11528L2 сағатын әкеліп берді. Балаша қуандым))))

 

Сіз қандай аксессуарды ұнатасыз? Эстафетаның жалғасын Анара өзіңнен күтеміз!

Ал төменде біраз пайдалы ақпарлар келтірдім қол сағат иелері туралы:

Қымбат сағат

Егер сіз қымбат сағат таққанды ұнатсаңыз – онда сіз жұмыс жасағанды ұнатасыз және өзіңіз қалаған жерде жұмыс жасайсыз. Сіз уақытты бағалай аласыз, тәртіптісіз, жинақысыз және өзіңіз таңдаған салада атаулы жетістіктерге жетесіз.

Сәнді сағат

Егер сіздің сағатыңыз атақты сәнді фирманың немесе сәнді дизайнердің авторлық сағаты болса, онда  сіз тиянақтылықты және  сырбаздылықты (элегантность) ұнатасыз. Әр зат өз орнында тұрғанын қалайсыз.

Зергерлік сағат

Сіздің сағатыңыз тастармен көмкерілген білезікке, кулонға, салпыншаққа (брелок) немесе сақинаға қадалып жасалған болса, онда сіз достармен көп әңгімелескенді және жаңа сезімдер мен таныстықтарға талпынасыз.

Түсініксіз сағат

Түсініксіз сағаттар – бұл әртүрлі түсініксіз атрибуттары бар, мысалы бірнеше циферблаттары бар, ай фазасының жұлдызнамалық көрсеткіштері бар сағаттар. Бұндай сағат иелері – көңілді, қалжыңбас, бала мінезді жандар.

Супер-пупер жаңартылған сағат

Егер сіздің сағатыңызда калькулятор, оятқыш, электронды жазба кітапшасы болса, онда  сіз алғыр және ақылды жансыз. Сіз бірқалыпты жұмыстан тез жалығып кетесіз. Қиын да қызықты есептерді шешуді және техникалық жағалықтарды шұқылауды ұнатасыз.  

Римдік нөмірленген сағат

Сіз классикалық музыканы, жақсы мейрамханаларды ұнатасыз. Киімге тиянақтысыз. Сізді құнттылық ерекшелендіреді.

Кәдімгі сандық сағаттар

Сіз ізденімпаз және шебер адамсыз. Әрдайым ескі мәселеге жаңа шешімдер ойлап табасыз. Сіз жылдамдықтан көбірек пайда бар деп сенесіз. Киім киюде беріктікті қалайсыз.

Сандар орнына белгілері бар сағат

Сіз өмірден не қалайтыныңызды өте жақсы білесіз, іскерлік және ұшқыр ой иесісіз. Сізді өз пікіріңізден тайдыру өте қиын.

Егер сіз сағат тақпасаңыз

Сіз жалқау емессіз. Сізді түн жарымда еш қиындықсыз тұрып қызықты бір іспен айналыса алатын адамдар қатарына жатқызуға болады. Сіз, кеште болса,  бір мәселенің ең тиімді шешімін табасыз. 

32
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 30 қазан 2012, 17:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.