Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене

БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене

БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене

БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,

Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.


Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
Әлде Бақыт сұлулық па, олай дейін десем мен,
Сұлулар жүр бай аяққа кілем болып төселген...

Әлде Бақыт билік пе екен қылыш мүдде ұстаған,
Тіпті қайсар қырандары рұқсатсыз ұшпаған,
Жағымпазы сырт көздерді шошындырып сұрқымен,
Бастығымның көн етігін шөткелеген мұртымен.

Шын парасат иелері бірақ оған бармаған,
Олар өзін жаудан бұрын жағымпаздан қорғаған.
Иә, биліктін қадамы тоқ, қамалы жоқ алмаған,
Кей қасқалар биліктен де бақыт таппай сорлаған.

«БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Көрсет маған, құшақтайын, көтерейін төбеме» -
Деп едім мен, дәл сол сәтте ойы, бойы сымбатты
Әбден қажып, шашы ағарған ШЫНДЫҚ келіп тіл қатты:
-Бақыт дәйім санасы мен ұғымында әркімнің
Қанша ғасыр осыны елге ұктыралмай сарқылдым.
«Қане менің соңымнан ер... Мынау үйге қарашы
Нақ осы үйде жүріп жатыр Бақыт пен Сор таласы.
Үй иесі - жас жұбайлар тілек, ойы қосталған,
Билік, байлық қатар қонып, иықтымен дос болған.
Бірін-бірі сүйгенімен көңілдері тобасыз,
Тобасыздың есігінен кірген ырыс бағасыз.

Келген әрбір жақсылыққа игіліктін басы деп
Шын жүректен қуана алмау - ең қауіпті қасірет!
Солай, солай... Енді ақыным, мұнда бұрыл деп мені
ШЫНДЫҚ тағы ертіп барды жұпыны үйге шеткері:
-Терезеден қара - деді. Жақын тұрып қарадым
Төрде отырған қос жұбайға түсті кенет жанарым.
Бөлме іші тып қарапайым, ортада ақ дастарқан
Дастарқанға тек қара нан, қос түйір қант тасталған...
Күйеуі айтты: жалақы алдым, ертең базар баралық
Саған, жаным, ерекше әсем көйлек іздеп табалық.
- Көйлегім бар - дейді әйел (Қабағына мұң қонды)
- Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне қанша жыл болды...

Екеуі де менен бұрын оған шаттық қонса деп,
Алдыменен ол қуансын, оның көңілі толса деп
Бір-біріне сый ұсынып, бірін-бірі жақтады,
Бірін-бірі ардақ тұта ортақ ойға тоқтады.

Көрші аулада баласы өлген жалғыз кемпір бар екен,
Шетсіз, шексіз, кең дүние ол сорлыға тар екен.
Бұлар қатар шуақ төге ізетті іске өрісті
Сол кемпірге қыстық киім әперуге келісті.

«БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?» -
Деп қиялдап, өр биіктен көрсетіппіз бекер бой,
Қымбаттым-ау, сөйтсек Бақыт ҚАНАҒАТта екен ғой.

Егер бүгін аласарса мекенінің шоқтығы,
Оған себеп, қанағатсыз адамдардың көптігі...
*********************************************
О, тәңірім!
Қанағатпен басар болса аптығын,
Мүмкіндік бер қадірлеуге жауымның да шаттығын!

Мұхтар Шаханов
26295 4
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 30 қазан 2012, 14:33
Тегтер: бақыт деген не, бақытты болу
Пікірлер
+0
30 қазан 2012, 15:54

Ақмерейдің жазғаны деп қойыпты ғой тақырыптың соңына, расымен өзі жаздыма дееееееесем???? :lol: :lol: :lol:

+0
30 қазан 2012, 18:37

көп жағдайда бақытты сәттеріміздің өтіп жатқанын білмей қаламыз. кейін сол кездер бақытты күндерім екен ғой деп ойлап жатамыз. бақытты күндердің көп болғаны жақсы ғой

+0
30 қазан 2012, 21:47

осы омырде жургенымыздын озы-бакыт,Алланы сую-бакыт!!!

+0
31 қазан 2012, 08:33

:!: :!: :!: :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев