Концертке шақыру

Концертке шақыру
жеке
блог

Құрметті, достар!

Сіздерді 30 қазан күні сағат 19,00-де Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Үлкен концерттік залында өтетін фольклорлы-этнографиялық "Тұран" ансамблі мен консерваторияның студенттік симфониялық оркестрінің Қарағанды-Павлодар-Алматы-Санкт-Петербург-Мәскеу қалаларына гастрольдік сапары қарсаңында ұйымдастырылып отырған концертке шақырамыз!

25, 26, 27 қазан күндері Қарағанды қаласының "Шалқыма" концерттік залы мен Павлодар қаласының Естай атындағы Мәдениет үйінің концерттік залында өткен гастрольдік сапардың бірінші жартысы өте сәтті болды. Концерттерде Батыс Еуропалық, Қазақстандық және халық композиторларының шығармалары орындалды. Гастрольдік сапар Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында жалғасын таппақ. Осы сапарда "Тұран" ансамблі мен студенттік симфониялық оркестрі Санкт-Петербург қаласындағы әлемге әйгілі концерттік залдардың бірі Мариин театры мен Мәскеу қаласындағы Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өнерлерін көрсетпек.

Келемін деушілерге есік ашық! Келіңіздер, көріңіздер!