Кешегі қойылым

Кешегі қойылым
жеке
блог

Сәлем, Массагет!

Кеше "Үміт үзгім келмейді" деген спектакльге бардық. Спектакль ұнады, бірақ жастарға арналмаған екен, ажал, өлім, қарттық пен өмірдің мәні туралы спектакль. Жалпы өзім Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" кітабын оқып шықтым. Бірақ "Үміт үзгім келмейді" қойылымына онша келіңкіремейтін сияқты ма, қалай!

Мұхтар Әуезов театрынан көрдік. Декорация керемет болды енді. Бірақ жастарға арналмаған сияқты. Мұңға батып шықтық.

Жастарға Ғабит Мүсірепов театрын ұсынар едім, ал терең ойға батқысы келетіндер Мұхтар Әуезовке барсын! :)

Айтайын дегенім қойылым жалпылай ұнады... Кейбір жерлерінде денең шымырлап кетеді екен...