«Әйда, шу сайлауға!»

«Әйда, шу сайлауға!»
жеке
блог

«Әйда, шу сайлауға!»

 

- Әйда, шу! 

Осы сөзді қанша естігісі келмесе де бастығы нобайын тауып, бұған да жекіріп салды. «Әп, бәлем!» деп, іштей ғана пиғылын жасырып сыртқа қарай Төлен барады. Сайлау-сайлау деп, басы қатып, миы зеңіген, ары қарай шерменде күйде запыран құсып әлек болып жүрген жаңа «жансызды» бастығы осылай бірінші рет түйреген еді. Сасқан үйрек артымен жүзеді. Бұл да әңгередей бөлмеден артымен, бастықтан есік жабылғанша көзін ала алмай шықты. «Бәрібір жеңіліп, сазға отыратынын ойласа не етті» дейді мұның ішіндегі балаң ой. Сұғанақ көзі жалт етіп, бастығының есігі жаққа бұрыла береді. 

«ААА!» Тағы да шақыртып жатыр екен. Оқ атса да ілеспес жылдамдықпен бастығының бөлмесіне кіріп барды. Сол бойда-ақ бастық бүгжең қағып, тапсырмаларды үсті-үстіне жаудырып жіберген. Бірін жазып, бірін қойып, қопалдау қимылмен қоян көзденіп жәудірейді. 

- Әйда, шу! Қап! Тағы да естіді күйік сөзді. Күйіп кетсең де сол, бастықтың аты бастық. Сабылған көңілді сап тиып, салқын қанды ақылға мойынсынуың¬-ақ керек. Әйтпесе...«ААА!» Ішке кірді.

 - Сендей сұмпайылар «Кәрі қазақ» газетіне мені даттап, сынап жазыпты. Бар! Біл кім екенін!

 - Құп болады!

- Әйда, пошел! Ендігісі тіпті қолапайсыз. Дөңгелене шығып бара жатып, есікті тарс жапты. Есеңгіреген есі шығып, дел-сал күйде тұра қалып іш тартты. Есікті қайта ашқан:

-І-і-і... кешіріңіз, басеке, анау портчкадан жел үріп... нетіп... мынау қатты жабылып...

- Әйда, пошел!!!Есік қайта жабылды. Тағы да тарсыл-гүрсіл. Төлен күйіп кетті. Қайткенде қолайсыз еді. Сырын бермеген жігіттің күткені осы ма екен? Оқалағы ұстағандай есікті қайта ашты:

 - Кешіріңіз, бұл жолы өзім жаптым! Есік осымен үшінші рет қатты екпінмен жабылды. Не болғанына нана алмай, ақтарылар майдай болып бастық отыр. Ұятын ойлап сасқаннан әрлі-берлі бір қарайды. Тұқыл мүйізді қойдай әр жерді біз сүзетін әдетімен телефон тұтқасына жармасып жатыр. Сол екі ортада кімге, не деп ақтарылатынын да білмейді. Әйтеуір бір жаттанды нөмірлерін теріп әлек. - Ало! ОСК-ма? 

- Ия, тыңдап тұрмыз. - Ааа, ия, і-і-і... мынау маған қарсы бір адамдар келіп, арыма тиіп жатыр. Не айтып, не қойғанын да білмейді. Бар ойы сайлау...  Шен-шекпенділер қатарында дүмбілездеу кісілер көп. Бұл дәл солардың өзі шығар. Қиян кескі заманда қалай да өз орныңды тауып, әлгі бір «басып қалу» деген бұзық ниетті орайлап, тіпті есінен екі елі шығармайтын жағдайға жеткен. «Бұл да бір тазылық өмір» деді ішінен, түлкі заманды түтеп жіберер тас қамал құлқын ойын он саққа орап жіберер мысы бар ма-ау, құдай! Қапелін аңдамаған әлгі жас жігітектің сұмпайы сұңғыла бойынан әлдебір қаскөйліктің ізін байқаған. Қайтсе де бұларды бұраңдата бермей «кранын» жабу керек! Осы сөзді өзі туралы біреудің айтқаны бар. Бір төрдің иесі бейкуақта бұл туралы дәл солай кикілжің айтыпты. Түп-тұқиянымен құртып жіберуге де ауаны бұрып тұрғаны соншалықты, мұны ұзынқұлақтан естіген бойда есеңгіреп, дел-сал күйге түсірді. Ендігісі мынау! Жапонияда топан су... Филиппинде жанартау... Ливияда соғыс... Мына көрші қырғыздардың өзінде ішкі талан-тараж... ал Қазақстанда сайлау... Әлгіндегілерден бір кем түспейтін ірі оқиға дерсіз...