Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Досқа хат!

Досқа хат!

Досқа хат!

Қымбатты, Дос! Арада аз күн өтсе де сыйлас, сырлас бола біліп, қызық-қуанышы мол күндерді бірге өткізген екенбіз. Міне, енді қоштасар сәтте келіп жетті. Массагеттің есігін ізгі ниетпен ашқан соң із-түзсіз кеткенге арым жібермеді, жылы лебіз білдіре отырып жөнімен айырылысқан да дұрыс шығар. Әрдайым бірге болғым-ақ келеді, оған мүмкіндігім тым аз екен. Бұдан серттен тайды, ант бұзды деген ой тумаса керек. Расы сол, «біреудің жүрегін жаралап, көңіліне тиіп қалам ба?» деп қимай кетіп барамын. Айтарымды қатты айтам, еркелетсем де солай, еркелесем де солай. Өйткені, мен өз елімді, өз жерімді шын сүйген, мәңгі ғашық болған жан екенмін. Мен – тіл маманы, филолог не журналист емеспін. Тіпті, гуманитарлық ғылымдар тұрмақ жаратылыстану ғылымдарына да менің алған мамандығым, пәнім мүлде сәйкес келмейді екен. Сондықтан, жазбаларымда, мінезімде артық, кем тұстар болса кешіріммен, түсіністікпен қарарсыз деген үміттемін. Қайыр-хош, сау-сәлематта болыңыз!

21393 22
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 17 қазан 2012, 23:44
Тегтер: хат
Пікірлер
+0
18 қазан 2012, 15:07

Солай, Әбеке...

+0
18 қазан 2012, 11:46

Сіз өзіңіз ренжіп қалған жоқсыз ба? :o

+0
18 қазан 2012, 15:11

Қайтіп ренжімессің, сеніп, сүйсініп жүрген құрбыларың - ҚАЗАҚТЫ МАЗАҚ, АЗАМАТЫН ИТ, АСТАНАСЫН ТАС ҚАЛА, ӘСЕМ де КӨРІКТІ келбетін АЛАБАЖАҚ деп отырса. Намысың келе ме, жоқ па?! Қайталап айтамын: Массагет Массагет атына, Қазақ Қазақ атына лайық болуы керек. Бұл жер ойға не келсе соны айтып, көр-жерді тықпалай беретін орта емес – халық, үлкен-кіші көріп отыр!!!

+0
18 қазан 2012, 16:01

Жарайды, өзіңіз білесіз ғой! Алайда менің сіз туралы ой-пікірім басқа еді, өте өкінішті... Сөзбен сан-алуан суреттеу, бейнелеу бар ғой, оны неге тек теңеу деп түсіну керек? (Тас қалаға байланысты) Сондай-ақ әр адамның деңгейіне байланысты неше түрлі ой-пікірлері де бар емес пе? Сізге қарсы келіп, келіспей жатса неге соған бола ашуланасыз? Бұл жер керісінше, ойға не келсе соны жазатын, басқалармен де бөлісіп, пікір таластыратын жер емес пе? Мен сізді түсінбедім. :)

+0
18 қазан 2012, 17:13

Cіз, түсінуге және өкінудің орнына қуануға тиіссіз. Сондай, ақ ой пікірлеріңізді міндетті түрде менің қайтарма жауаптарыммен қайта сараптап шығуға кеңес берер едім. Мен, Илхам бауырыма жазбасының әсерлі, өзінің талантты екендігін айта келе «Нұр жаусын!» деген қасиетті сөзді араб және қазақ нұсқасында қатар қолданып отырмын. Ал, құрбым Ғазиза мен Илхам дос өздеріне азан шақырып қойылған есімдерінің шын мән-мағынасын сезіп, біледі ма екен?! Егер, біле білсе қала берді неге сол аттарына лайық іс-әрекет қылмайды? Неге, мен көріп-біле тұра ашуланбауым, ренжімеуім, жүрегім ауырмауы керек?. Неге, мен олардың қате басқан қадамына көз жұма қарап, әнімді айтып, күйімді күйттеуім керек?. Неге, олар өз көңіл-күй, қарақан бастары үшін халқын, отанын, азаматын, мемлекеттік маңызы бар рәміздерін аяқ асты етуі керек??? Неге, неге?.. «Massaget.kz» менің туындым емес, құрылтайшысы да, қызметкері де болып табылмаймын. Бірақ, Ел менікі, Жер менікі, Астана менікі, Массагетке көз тіккен Бауырлар менікі!!! Сондықтан мен оларға не болса соны емес, таңдап татымдысын ғана бергім келеді – қымбатты, НазЕрке жолдас!

+0
18 қазан 2012, 17:41

Бигелді Темір жолдас, олар соншалықты сіз айтқандай "қарақан бастары үшін халқын, отанын, азаматын, мемлекеттік маңызы бар рәміздерін аяқ асты" еткен жоқ, қате қадамдарға барған жоқ деп ойлаймын өз басым. Олар тек сіз сияқты онлайн-күнделік жүргізіп, басқалармен өз көңіл-күйін, өткен шақтарын бөлісті. Солай жазғаннан қатты ашуланатындай нәрсе көріп тұрғаным жоқ. Ешкімге зиянын да тигізіп жатқан жоқ деп ойлаймын.

+0
19 қазан 2012, 14:43

бұған Ғазиза қыз не дер екен енді?

+0
21 қазан 2012, 17:33

Ғазиза қыз бұған ештеңе демейді. Ол өшіп қалды деген сөз емес. Менің де айтарға сөзім жеткілікті. Бірақ, оны айтудың еш қажеті жоқ. Себебі, әркімнің өз ойы, өз шындығы, өз көзқарасы, өз түйгені бар. Бигелді Темір бауырымыз осылай ойласа, ойлай берсін, мейлі. Ол да, мен де, басқа да өз ойын білдіруге құқылы. Мен ол кісіге тосқауыл қойып, қарсы шығып, жаға жыртысып, сөз таластыратын жайым жоқ. Илхамның да алысып жатпайтынына шүбә келтірмеймін. Және де өз атымның мән-мағынасын білемін, оған аса алаңдамаңыздар.

+0
18 қазан 2012, 12:26

Қимай отырмын, жеті рет өлшеп кескеніңе сенімім мол, сондықтан салдарын сұрап мазаламайын! Бізді ұмытпа!

+0
18 қазан 2012, 15:36

О, Салтанатжан, Салтанат қыз! Сіз, мықтысыз! Кім білсін, түптің-түбінде Сіз де жүрекпен ауыруыңыз мүмкін...

+0
18 қазан 2012, 20:04

Жүрек құрғыр ауырмады дейсіз бе өзімнің "көкірек" екенімді өз бауырымның жазбасынан оқығанда? Бар айыбым әлсіздігім менің, сіз ойлағандай мықты болсам, мен де "Өзбекке бер жіберин ба?" деп, қасына бір смайликті ыржита салар едім. Мықты болсам, өзімнен, ата-анамнан, бауырлар, жараннан оқығаным үшін кешірім сұрап, егілер ме ем? Мықты болсам "дауласып қайтесің, Салтанат?" дегендерге ойымдағыны іркіп қалмай ақтарып салар едім! Мықты болсам, жалғыз гүлге ие бола алмай "жылатар" ма едім, жылар ма едім? Мықты болсам "өнердің нәрі ауылда, нағыз өлеңді қайта ауылдықтар жазады" демес жар салмас па ем? Мықты болсам "өздері білсін не істесе" деп, қолымды сілтеп, қоштасу хатын жазып кете салуға дәтім жетер еді. Жоқ, әлсіз-ау бұл Салтанатжан Сіз ойлағандай мықты емес...

+0
18 қазан 2012, 13:49

Сіз маған ренжіп қалған жоқсыз ба? :?

+0
18 қазан 2012, 15:23

Сізге еш ренжи алмайтын сияқтымын ).

+0
18 қазан 2012, 16:41

Ренжітсем кешіріңіз ;) Бәріне ұнай беру шарт емес.

+0
18 қазан 2012, 17:31

Ер қадірін, ел қадірін, сөз қадірін, қыз қадірін бір кісідей білсек керек. Сондықтан, еш ренішім жоқ. Айтарым, пікір білдірмес бұрын пікір білдірер затыңызды жан-жақты, толық зерттеп алғаныңыз жөн болар еді.

+0
18 қазан 2012, 17:03

Естеріңдеме көктемде бір адамдар кетіп еді ғой осылай, солар қазір есіктен сығалап жүр қимай. Біраз уақыт сырт айналда ренішің қайтқанда қайтып кел. Мұнда кетпе деп ешкім айтпайды, кет деп те, тек кел,кел,кел,кел деп қана айтады

+0
18 қазан 2012, 17:18

Рахмет, Достым! Шешім қабылданып та қойды, Мен Массагеттікпін!

+0
18 қазан 2012, 20:20

"«біреудің жүрегін жаралап, көңіліне тиіп қалам ба?» деп қимай кетіп барамын. " Олай ойламаңыз. Із-түссіз де кетпеңіз. Мында жазып, пікір қалдырушылар, тіпті жұмыс жасайтындардың өздері де барлығы бірдей жорналшылар емес қой. Меніңше онда тұрған түк те жоқ. Қашан жаза аласыз жазыңыз. Жаза алмасаңыз, уақытыңыз болмаса жазбаңыз. тек қоштасудың қажеті жоқ сияқты. қайта жазғыңыз келіп, пікір алмасқыңыз келсе ше?? :)

+0
18 қазан 2012, 20:54

Мен бүгін бәрімен қош айтысып, Массагеттен көшпек болдым......Болмай қалды.....Сіздің қайта оралғаныңызға қуаныштымын!!!!

+0
21 қазан 2012, 14:41

Массагеттен кетпейтін болғаныңызға қуаныштымын! :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев