Қазақ эстрадасында жанды дауыспен айтатын тек Роза Рымбаева ма?

Қазақ эстрадасында жанды дауыспен айтатын тек Роза Рымбаева ма?
жеке
блог

"Өнеге" журналының №9 санында Роза Рымбаева "Қазақ эстрадасында менен басқа ешкім табиғи дауысымен ән салмайды" деген болатын, алайда, жаңа шыққан №10 санында Мақпал Жүнісова бұл сөздерді жоққа шығарып, Роза Рымбаеваның бұл сөзімен келіспейтінін айтты. Ол да өз кезегінде сахнада әрдайым табиғи дауысымен ән салатынын, Ержан Белғозиевтің романстарын тек жанды дауыста шырқайтынын айтты. Сонымен қатар, «МузАРТ» тобы жанды дауыста жеке концерттерін бергенін, жас әншілер арасында да табиғи дауысымен ән салып жүргендер баршылық деді. Барды бар, нарды нардеп айта білген дұрыс... - деп сөзін түйіндеді.

Сіздер қалай ойлайсыздар? Кімдікі ақиқат?