Имандылық жеткенше,,

Имандылық жеткенше,,
жеке
блог

Біреуді сай, өзіңнен дөң көресің

Өтірік күліп көзіңді төңкересің,

Туралықты айтқанда сайтаныңның

Алдыңа сап, жалаңды өңгересің

Басқаларды өзіңнен кем көресің

Мінезің бар жыртқышқа тең келетін

Әбдіжылан амалымен топтан озып

Су жұқтырмай сумаңдап сен келесің

Ісің суық болған соң,ішің суық

Суық жанға кім барар батып жуық

Бұл өмірдің ағымын аңғаруға

Кешігіпсің анаңнан ерте туып

Несібелі болсаңда дүние қуып

Мен-мен деумен жүресің белді буып

Имандылық жеткенше жүрегіңе

Көңіл шіркін қалатын болды суып

автор:Ж,Ж