Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қалай баюға болады?

Қалай баюға болады?

Қалай баюға болады?

Әлбетте, бәріміз көп ақша тапқанды қалаймыз. Ақша үшін адамдар не істемейді десеңші... Өтірік-айлалармен біреулерді ақшаға "лақтырып" кетеді немесе бір қулықпен бірдеңе ғып байып жатады. Бірақ, ақша қалай келсе, солай кетеді деген де сөз бар. Ақша - қолдың кірі дегенмен, ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Қайда барсаң да, алдымен төлейсің, кейін ғана дегеніңді аласың. "Богатый папа, бедный папа" кітабында, сен ақшаға емес, ақша саған жұмыс істесін дейді. Әрине, бұлай деу оңай. Алайда, ақшаны өзіңе қалай жұмыс істетесің? Автордың айтуынша, біз бір цикл бойынша жұмыс істейміз, біреу бізге жұмыс ұсынып, көп жалақы береді, біз соған қуана келісеміз. Кейін екінші біреу жалақыңды жоғары етемін деп, тағы ұсыныс жасайды, біз одан сайын қуанып, соған келісеміз. Солай біреулер жасаған циклде айналып жүре береміз. Алайда, өміріміз өзгеруі екіталай, сол баяғыша ақшамыз жетпейді, мойнымызда несие бар, шалқып кете қоймайсың.

Бірақ, осы ақша табудың бір амалын тауып, байып жатқандар да аз емес. Көшеде, байқасаңыздар, көбінде джип машиналар, одан қалса арзан емес Тайоталар, тіпті құны жүз мыңдаған доллардан асатын Бентлилерді де кездестіруге болады. Халықта ақша бар, бірақ қайдан? Мені осы сұрақ толғандырып тұрады.

Ақша жинаудың бір амалы бар, депозитке салу. Оны да бір ай салсаң, екінші ай басқа қажеттіліктеріңе жұмсайсың да, тәртіпті түрде жинап тұруға кірісе алмайсың. Кіріскен күннің өзінде де, бір жыл, екі жылда байшекеш болып шығуың екіталай.

Жалпы, баюдың амалдары жайлы сөз қозғағым келеді. Кім қалай ақша жинайды? Жалпы жинайсыздар ма?

19474 0
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 11 қазан 2012, 15:17
Тегтер: ақша табу, қалай баюға болады, байығым келеді, көп ақша қайдан алады, ақша қалай жинаймын
Пікірлер
+0
11 қазан 2012, 15:34

Жинамайм, құрсынш сол байлық)

+0
11 қазан 2012, 15:41

хехе, мен жинай алмаймын. үстімнен топ етіп, біреу екі мүшек ақша бере салмаса байып кете алмайтын шығармын. )))

+0
11 қазан 2012, 15:47

жинай ббілмейді екем.

+0
11 қазан 2012, 15:49

Жинаймын деген адам жинайды. Бірақ, алдына мақсат қойып жинау керек. Өз басым, бұдан әлі жамандық көрмедім

+0
11 қазан 2012, 15:57

Қарапайым жұмысшы болып баю мүмкін емес сияқты.

+0
11 қазан 2012, 16:12

неге? бәрі де мүмкін.

+0
11 қазан 2012, 16:14

Байлық - жаныңа не керектің бәрін беретін, жомарт жан. ал, Еңбек - Байлықтың ең жақсы көретін, сол дегенде бүйрегі бұрып тұратын ең жақын туысы. Еңбекпен достасып, соған жағымдазданып болсын, әйтеуір тілін тауып Байлыққа жету керек...

+0
11 қазан 2012, 16:17

Мен жинаймын) жинап жүрген ақшамды үйден алып шотыма салып едім, басыма пәле болып жатыр енді. Осыдан біраз жылдар бұрын бастадым жинауды, ең алғаш ақша тығатын орным домалақ гардиннің тесігіне шиыршықтап, салып жүрдім, одан үйдің гардиндерін ауыстырып қазыр басқа жерге жинаймын. Банкіден капилка жасап,соғанда жинағам)))Әр айлығымның біраз мөлшерін саламын.Ол ақшаны жоқ деп есептеймін. Содан үлкен бір құнды дүние аларымда ашамын.

+0
11 қазан 2012, 16:18

Шотқа салғаннан қандай проблема болды?

+0
11 қазан 2012, 16:19

жекеде айтып беремін.

+0
11 қазан 2012, 16:20

Айтсаңшы, бәріміз қателік болса аулақ жүрейік та.

+0
11 қазан 2012, 16:22

негізі ешқандай қателік емес, пайдалы. менің жеке басыма ғана қатысты зиянды жағы болды

+0
22 сәуір 2014, 13:19

"Байлық - мұрат емес" дейді, бірақ сіңірі шыққан кедей болғаннан гөрі, бақуатты болған дұрыс. Оның ең сенімді жолы - инвестиция, яғни ақшадан ақша жасау өнерін меңгеру. Ол бәлкім депозит, немесе құнды қағаз болуы мүмкін. Ақшаны жастыққа тығып ұстаудың еш пайдасы жоқ, бәрін инфляция жеп қояды. Баядың сенімді жолы: ақшаны үнемдеп ұстауға әдеттену, инвестициялау арқылы ақшаңыздың деңгейін инфляциядан әрдайым жоғары болуына қол жеткізу. Инвестиция туралы http://meninvestormun.com/ блогынан толық ақпарат ала аласыз

+0
11 қазан 2012, 16:41

қатты болып байыған қазақтар санаулы-ақ! Ең бастысы, ақшасы көп кедей болған дұрыс

+0
11 қазан 2012, 16:58

Қонаққа бармай, өзің қонақ шақырмай, ешкімге сыйлық жасамай, жолда дүкендерге соқпай ақшаны үнемдесең жиналатын шығар. Жинайтын адам жинайды, бірақ мен емес десем))

+0
11 қазан 2012, 17:43

ақша ұстай алмаймын, тапқанымның бәрін ата-анама ұстатам. Бірақ, қаржы жетіспеушілік кәдімгідей "достало!", екінші жұмыс туралы ойлар көп. Бақыттың көзі ақшада емес болса да, уж лучше признать это сидя в шикарном лимузине))))

+0
11 қазан 2012, 17:45

Вот-вот! )

+0
11 қазан 2012, 17:50

өмірді ақша жинай жүріп, руханилыққа ұмтылумен өткізу - өмірдің мәні дейді данышпандар. материализм мен идеализмнен басымыздың дилеммаға түсетіні - заңдылық. осы екеуі адамды биполюсті етеді.

+0
11 қазан 2012, 17:51

"Байлыққа талпыну керек, бірақ қалай да жет деген сөз емес. Байлықтан қорқу керек, бірақ одан қаш дегендік емес" деген "данішпандык" пікірімді білдірейін. ;)

+0
11 қазан 2012, 18:27

Жеке бизнес ашуға талпыну керек деп ойлаймын. Мысалы, сауда-саттық немесе қолыңнан іс келетін бір саланың басын ұстау керек.

+0
12 қазан 2012, 10:46

Adal enbekpen tabylgan bailyk ardaiym kaiyrymdy bolmak, molaya bermek...

+0
12 қазан 2012, 13:26

Ақша жинай алмаймын((

+0
12 қазан 2012, 14:00

Ақзере, айтсам сізге өтірік маған шын. Мен не ойласап жүрсем, сіз де сол ойда жүресіз. Бұрынғы блогтарда менің ойымдағы махаббат, позитивті өмір туралы ойларыңызды жазып жүргенсіз. Енді міне мен де осы тақырыпта ойлап жүргем. Ютубтан "Успех" деген телеарнаның "Мое дело" деген бағдарламаның бейнежазбасын қарап жүрмін. Сосын "Секрет" деген деректі фильмді де. Өте пайдалы.

+0
12 қазан 2012, 14:09

Хаха, алдында ғана мен де Секретті көргенмін :D Құрысын, Жазира, маған сіз демеші :)

+0
20 қараша 2012, 21:59

Роберт Киосаки... Секрет? мұнда вселенный деген сөзден жалығып кеткем

+0
20 қараша 2012, 22:45

Ақшаның аяғы бар )))) Былай тартсаң, былай жетпейді )) Жинамаймын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев