Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды

Қазақ жарнама және PR агенттігі ашылды
жеке
блог

Таяуда "Тарлан" атты Қазақ жарнама және PR агенттігін аштық. Аллаға шүкір! Қазақпарат агенттігі төмендегі ақпаратты таратты. Әріптестеріме рахмет!

17.01.2012 / 13:00

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат  -  Астана қаласында «Тарлан» Қазақ жарнама және PR агенттігін ашылды. Оның  бас директоры  белгілі журналист, жазушы Жангелді Естенбаев.

«Еліміз тәуелсіздік алғалы бері бизнес саласы қаншалықты дамып, өркендесе де, оның негізгі қозғаушы күші - жарнама әлі күнге дейін қазақшаға толыққанды көше алмай келеді.  Рас, жарнаманы қазақшалауға бетбұрыс байқалады. Бұл құбылыс жарнамаға тапсырыс берушілердің заң талаптарын орындауға деген көзқарасынан сезіледі. Мұндай ынта, ықылас бізді қуантады. Десек те, елеулі қозғалыс туралы айтуға келмейді", - дейді Ж. Естенбаев. Агенттік басшысының айтуынша, қазақша жарнамаға, қазақ жарнамашыларына айтылар сын көп. Өйткені  жарнама әу бастан өзге тілде даярланады, сосын барып ол қазақ тіліне аударылып беріледі. Ондай жарнама қазақтың діліне, яғни менталитетіне сәйкес келмеуі де мүмкін. Жарнаманы қазақ тіліне аударып беру аз, оны түпнұсқада қазақша дайындау керек. Басқаша айтқанда, жарнаманы қазақшаламау керек, оны қазақыландыру қажет.

 

Өкінішке орай, қазақ тілін жетік білетін қазақы мамандар аз екен. Ағайын, атсалысуға шақырамын!