Қазақ өнерпаздары жайлы қызықты фактілер-2

Қазақ өнерпаздары жайлы қызықты фактілер-2
жеке
блог

Қазақтың бетке ұстар әншілерінің бірі Айжан Нұрмағамбетова отбасында 2 қыз, 2 ұлдың тұңғышы. Өзінің балалық шағынан ол мынадай естеліктермен бөліседі: "Негізі, менің алдымда ағам болған екен. Бұрынырақта жүкті аналарға қазіргідей жағдай жасалынбаған ғой. Анам тұңғышын өмірге әкелерде қатты қиналыпты. Дегенмен дәрігерлер баланы аман сақтап қала алмапты. Содан араға жыл салып, өмірге мен келіппін. Айт мерекесінде туылғандықтан, оның үстіне әкемнің марқұм ұлынан кейінгі, екінші ұрпағы болғандықтан есімімді Айтжан деп қойыпты. Бала күнімде Айтжан деген ұлдың есімі екенін білмедім. 8-сынып оқып жүрген кезімде Айтжан деген ұлдың есімі екенін естіп, қатты ренжігенім бар. Ол кезде өзім мектепте, хорда ән айтып, жеке дауыста да ән айтып, оқушылар арасында «авторитет» болып жүргенмін ғой. Содан не керек, сіңліме ұсыныс жасадым, «сенің есіміңді мен алайыншы» деп. Ол алдында кішкене қарсылық білдіргенімен, кейіннен менің абыройымды ойлап, Айжан болып жүруіме рұқсатын берді. Міне, сол күннен бастап Айжан болып шыға келдім".

Толық сұхбатты "Өнеге" журналының №7 санынан оқи аласыздар.