Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бала тілі - бал

Бала тілі - бал

Бала тілі - бал

Осыдан біраз уақыт бұрын кішкентай балақайлардың айтқандарын жиып-теріп жазған болатынмын. Кейін тағы шығарамын деп уәде еткенмін. Соның жалғасын жазу бүгінге бұйырып тұр екен.

Кішкентай бауырларым маған "сен" деп сөйлейтінін ескерте кетейін.

***

Іс-сапарда көп жүретін ағамның 5 жасар кіші қызы әкесі кезекті іс-сапардан оралғанда: "Папа, я тебя так долго ждала. Ждала, ждала. А тебя нет и нет. Я уже подумала, что ты умер" деген еді. Мұны естіген ағам есіктен кірген бойда шалқасынан түскен)))

***

Көршінің баласы менің шешемді "Көрші апа" дейтін. Бір күні шешесі оған "Көрші апа демей, құр апа десейші" деп үйретіпті. Сол күннен бастап менің шешем оған "Құр апа" болып кеткен)))

***

Осындай ұқсас оқиғаның тағы бір куәсі болдым. 2010 жылдың жазы. Пойызбен Астанаға кетіп барамын. Алматы-Екатеринбург бағытындағы пойыз купесіндегі жолсеріктерімнің бірі Қазақстаннан 90-жылдары Челябинск қабірден дос болып кеттік. Көздері көк 3 жасар балақайдың тілі "р", "ш" әріптеріне келе бермейді. Мен Астанаға жеткенше екеуміз ойнап, купе, вагон түгілі бүкіл пойызды басымызға көтеріп, ойнадық. Атымды айта алмай қиналып кеткен соң, бұл бала мені "Тетя" деп кетті. Ал әжесін "Баба Вея" дейді екен. Неге екені белгісіз, елуден енді асқан Вера тәте немересіне: "Мені "Баба Вера" демей, "Просто Вера" деп ата" деп үйрете бастады. Содан не керек Максим бүкіл пойызға "Пиосто Вея" деп айқайлай жөнелді. 

***

Екінші ағамның қызы Әсем кішірек кезінде барлығын "Досым" дейтін. Атасын көрсетіп, "бұл кісі саған кім болады?" дегенде, "Досым", көрші баланы көрсетіп, "Кирилл кім?" десең "Досым" деп жауап қататын. Содан бастап әлі күнге дейін Әсемнің мақамына салып, барлығын "досым" деп айтып кеткенбіз.

***

Кенже ағамның тұңғыш ұлын Айбекті кіші шешем "Кіші ата" деп кеткен. Себебі, сөйлей береді. Жай сөйлеп қана қоймай, ақылға қонатын, шалқаңнан түсіретіндей дүниелер  айтады. Айбектің мектепке дайындық класына барып жүрген кезі. Бір күні апайы қалың жемпір киіп келіпті. Шамасы, кішкентай бауырымның көзіне жаңағы жемпір жұпыны болып көрінсе керек. Сабақ бітіп, апайы: "Ал, балалар, сау болыңдар!" десе, біздің бала апайына: "Апай, ертең мына советский жемпіріңізді киіп келмей-ақ қойыңызшы" деп айтыпты. Кейін апайы жиналыста бұл әңгімені менің ағама айтып беріпті.

***

Айбек біздің үйде жүрген. 4 жасындағы кезі. Менің компьютер алдында отырғанымды көріп, жаныма келіп: "Не көріп отырсың?" деді. Мән-жайды айттым, содан компьютердегі суреттерді көрсеттім. Содан кейін бір папканы ашып, сол жақтағы той көйлегін киген модель қыздардың суретін отырып, бірге тамашаладық. Бір кезде: "Мұндай көйлекті менің де мамам киген" деді. Айбектің әке-шешесінің тойында билеген мен өзімше білмегенсіп: "Солай ма?!" деп едім, "Иә, солай. Ал сен қашан мұндай көйлек киесің?!" дегені.

***

Барлығын "досым" дейтін Әсемнің мектепке дайындық класына барып жүрген кезі. Сурет сабағында ұстаз мысық салыңдар деп тапсырма беріліпті. Барлығы қолдарына қарандаш алып, мысық сала бастайды. Біздің қыз болса, күнді, аспанды, әкесін, шешесін, өзін, ағаштарды, гүлдерді және үлкен үйді салған екен. Мұны байқаған мұғалім: "Әсем, біз мысық салып отырмыз ғой. Сен неге мысық салмай отырсың?" десе, менің сіңлім: "Мысық мына үйдің ішіне кіріп кеткен" деп жауап қатыпты. Мұндай жауапты күтпеген ұстаз Әсемге дәу "5" қойып беріпті. 

***

Кіші әкемнің кенже ұлы Жансеріктің мектепке дайындық класында оқитын кезі. Бірге оқитын, бір партада отыратын қызға ғашық болып қалыпты. Жазу-сызуды енді үйрене бастап, әріптерді танығанда қолына қалам мен қағаз алып: "Мен сені жақсы көремін, сен маған тұрмысқа шығасың ба?" деп хат жазыпты. Өзі ұқыпты, әр нәрсеге жауаппен қарайтыны тағы бар. Шешесіне барып: "Шеше, дұрыс жаздым ба? Қатесі жоқ па?" деп хатын көрсетіпті. Шешесі аң-таң кімге жаздың деп, мән-жайды сұрастырған. Біздің өжет бала барлығын жайып салған. "Үзілісте барлығы класстан шығып кетеді, сонда мен оның сумкасына білдіртпей хатты салып жіберемін" деп өз ойымен бөлісіпті. Шешесі: "Қой ұят болады, апайың көрсе, ұрсады" десе көнбейді екен. Содан не керек, кіші шешем алдап-сулап: "Хатты сандыққа салып қояйық, ертең мектеп бітіргенде бересің" деген екен. Шешесінің бұл сөзіне баласы тоқтапты. Бірақ, құдайдың құтты күні: "Хатым қайда? Сандықта жатыр ма? Жыртып қойған жоқсыз ба?" деп шешесіне сұрай береді. Қазір ол хатты өзі де ұмытып қалды. Бірақ, шешесі сертін бұзбай, хатты сақтап, сандыққа салып қойған. Ертең есейгенде көріп, өзі не дер екен деп біз мәз болып жүрміз. Неткен романтика десеңізші! Бауырымның осындай романтик екенін мен де білмеппін))))

9
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 08 қазан 2012, 23:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.