Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Айқаракөз

Айқаракөз

Айқаракөз

Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры «Айқаракөз» трагедиясын 3-ші рет өз  көрермендеріне ұсынды.Ұсынып қана қоймай, сол спектакльмен бірге әрбір театр әртісі жүректерге жол салды. Шымылдығыны ашылғаннан бастап жабылуына дейінгі сәт көзі қарақты көрермендердің ой елегінен өте берді.

Айқаракөз!  Қайран, Айқаракөз! Арманда кеткен Айқаракөз! Бұлттарға  кеткен  Айқаракөз! Жалғаннан өткен Айқаракөз! Талдырмаш Айқаракөз!

  М.Әуезовтың шығармасы бойынша қойылған қойылымда қазақ халқының салт – дәстүрі шебер баяндалыпты. Негізгі тақырыбы – қосылмаған , қосылуға болмайтын сүйген жүректер,ата – бабамыздың жеті атаға дейін қыз алысуға болмайтын қағидасына қарсы келген қос ғашық. Шығармада Айқаракөзді ақылына көркі сай ару деп бейнелеген. Бірақ ,сол қағиданы білмейтін қандай ақылды қыз?! Және де қандай сері Сырым?! Махаббатқа мастықпен дүниенің заңдылықтарын ұмытқан екеуді кім қолдасын?! Сонаудан атастырылған сексендегі шал емес , қатарлас адамына бойындағы Сырымға деген ыстық сезімін жасырып баруға болмас па еді?! Барған босағасында келін болып шырайы шықпай, Сырымға деген құсадан өлі денесі шықты. Жан жарасын емдей алмай Нарша қиналды. Сүйгенінің сүйегін құшып Сырым қалды...Еееееех, тағдыр – ай !!!

         Спектакль өте жақсы шыққан. Керемет әсер қалдырды. Кейіпкерлердің образдарын көкейдегідей етіп сомдаған театр әртістеріне мың алғыс. Қойылым арасында көңілді көтертетін де, түсіртетін де, қинайтын да, жылататын да кездер кездесті.Соңғы жағындағы көріністер, тіптен,үлкен ді де, кішіні де жылатты.Мен де жанарыма тығылған жасты еркіне жібердім.

         Қайтқандағы толғаныс – қайран, Айқаракөз!!!

 

Сіз қандай әсер алдыңыз? 

4211 13
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 06 қазан 2012, 22:32
Пікірлер
+0
06 қазан 2012, 22:54

мен де қазір ғана осы қойылымнан келіп,өзіме келе алмай отырмын... Арманда кеткен Ай-Қарагөз-ай....

+0
06 қазан 2012, 22:55

қойылымның көптеген көлеңкелі тұстары болса да, жақсы әсер қалдыра білді

+0
06 қазан 2012, 23:16

иә, кейбір тұстары бар сондай, бірақ бар нәрсе кемшіліксіз болмайды ғой

+0
06 қазан 2012, 22:55

Бару керек екен. Алғашқы болып тамашалап, әдемі жеткізе білген авторға рахмет)

+0
06 қазан 2012, 23:04

иәәә, барып қайтыңыз, қазақылықты иіскеп қайтуға тамаша мүмкіндік))))

+0
06 қазан 2012, 23:17

оқасы жоқ ! ;) сіздер оқудан жалықпасаңыздар, мен жазудан жалықпаймын

+0
06 қазан 2012, 23:14

Келесіде қашан болады екен? Театрға барғым келіп жүр...

+0
06 қазан 2012, 23:18

нақты білмедім. Театр сайтынан білсеңіз болады

+0
08 қазан 2012, 11:41

барйық, барайық)))

+0
06 қазан 2012, 23:30

трагедия...

+0
06 қазан 2012, 23:36

иә, нағыз трагедия

+0
07 қазан 2012, 01:27

Актерлердің ойнау техникасына қарап отырам деп, онша кіре алмадым қойылымға. Әйткенмен, тәп-тәуір! Сүйікті актрисам Аиданы бұл рөлде онша көре алмадым.

+0
08 қазан 2012, 09:10

Көру керек! Міндетті түрде көру керек...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев