Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
жеке
блог

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан елімізге елеулі азаматтар тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Болашақта кәсіби әншілер мен өнер адамдарын тәрбиелеп, ұстаздық етіп жүрген өнер адамдары да аз емес. Эстрадамызға бірнеше шәкірт тәрбиелеп өсірген ұстаз Алтынбек Қоразбаевтан бастап, Роза Рымбаева, Сембек Жұмағалиев, Меруерт Түсіпбаева, Бақыт Шадаева, Жанар Айжанова, Сәкен Майғазиев және т.б. өнер майталмандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, үлкен оқу ордаларында ұстаздық етіп келеді. 

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет ешқашан сарқылған емес! "Өнеге" журналы сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!