Өкпе, наз, шағым

Өкпе, наз, шағым
жеке
блог

Адамның төрт құбыласы бірдей тең болуы мүмкін емес. Әйтеуір бірдеңе жетіспей тұрады. Кешеден бері туысыммен, құрбыммен, әріптесіммен сөйлесу кезінде әрқайсысының жаны әлденеге жабырқаулы екенін түсіндім. Менің де ішімді өртейтін жайттар бар. Сыртқа шығарып қажет емес. "Қыз баланың сыры көп, сөзі аз болу керек" деп еді біреу... Бәрімізді тоқтатыны - шүкірлік. Халі мүшкілдер де өмір сүріп жатыр.

Кейде өміріне риза болмай, шағым айта беретін жандарды кездестірем. Әрекет етудің орнына, сүймелеңдеп өкпесін айтады да тұрады. Тек жаманды көрмей, адамның жағымдысын бетіне айтып отырған пайдалы. 

Орекеңдер "не жалуйся на жизнь" дейді. Сәл сәтсіздікке ұрынса, өмірін түгел қара түске бояп тастайды. Уақытша сәтсіздік келе жатқан бақыттың хабаршысы. Ал, шын мәнінде көп нәрсе өз қолымызда тұр.

Бүгіннен бастап мен өкпемді, назымды қағазға жазамын. Ешкімге айтпаймын! Сізге де солай етуге кеңес беремін!