мен махаббатка сенемін

мен махаббатка сенемін
жеке
блог

Сол бір ЕРКЕ БАЛАҒА ғашық болған күндерімді сағынып жүрген сияқтымын! Мен әлі де ғашықпын... Бірақ... қазір жүрегімдегі ОЛ алған орыннан мен түсінбейтін бір суық келіп тұрады... мүмкін мен ОНЫ ұмытып бара жатқан шығармын, мүмкін мен ОНЫҢ менікі болмағанына ызалы болармын! Не де болса менім сезімім суып бара жатыр...

Мен ғашық күндері ОЛ туралы ойласам жүрегім тек ОНЫҢ атымен соғып тұрғандай көрінетін,ал ұмытамын деген күннен бастап жүрегім тоқтап қалғандай... түсімде көрген әрбір түніме шүкіршілік еткен күндерімнің орнына ОНЫ түсімде көрсем енді қиналатын күндер келген сияқты... жақсы көріп жүрген күндерімде көрсем деген ойдан қайдан болсын іздеп тапқым келіп тұратын бір ақымақ тілек болатын,қазір тек қорқыныш бар... ОНЫН бақыты басқа жанмен екенін ойлағанда өзімді дүниедегі ең сорлы адамдай сезінемін...

ОЛ басқалар үшін ешкім емес еді... ал мен үшін ОЛ – ӨМІР... мен ОНСЫЗ ешкім емес едім...ешкім емес екенімді түсінетінмінде... ОНЫ көрген кезде оған деген сезімімнін түпсіз тұнғиығына батып кеткендей боламын...мен бақытты едім ОНЫ жаксы көргенде... өмірімде мағына бардай көрінетін... ал қазір мен жүрген бір құр сүлдемін...

Өмірде бәрі орнымен дейді гой,мүмкін менім бақытым болатын адамды мен әлі кездестірмеген болармын...ал ОНЫҢ бақытын қызғану нағыз пендешілік...

Мен шын махаббатқа сенемін және әлемдегі барлық ғашық жандардың бір – бірінің бақыты болуын шын жүректен тілеймін... ылайым бақытты болыныздар!!!!!!!!!!!!