Әдемі әуенге әуеспін...

Әдемі әуенге әуеспін...
жеке
блог

Әдемі әуенге әуеспін...

 Музыка – қандай керемет дүние. Жүрегіңе жол тауып, тамырларыңды ерітіп, елітіп, ғажайып күйге бөлейді. Қуантады, жылатады, жұбатады, қоңыр күзде түсіңкі көңіліңе гүл сыйлайды. Әуеннің әрбір нотасы жүрегіңнің дүрсілімен астасқанда, тіптен, өзгеше ләззат аласың.

Ескірген дүниелерді еске алдыратын, тәтті сезімге бөлендіретін, ой – қиялыңа қанат бітіретін, у – шуы көп тіршіліктен бір сәт алыстататын да,   осы – музыка.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй», - деп жырлаған ұлы Абай атамыздың осы бір өлең жолдары – ақ әсем әннің құдіреттілігін ұқтырғандай.

«Рояль көрсең бір тілін

Мені ойлап бар да басып қал», - деген Төлеген ақын бізге музыка тілінің жүрек үнімен үндесетіндігін жеткізгендігі емес пе?!

Музыка, мейлі ол музыканың қай жанры болмасын, өз тыңдаушысын табады. Сол әрбір тыңдаушыға ерекше серпін береді. Мен жүрекке жол салатын нәзік әуендерге құмармын!!!

Ал сіз ше?!