"Мен сендерге балмұздақ әпергім келеді" (с) Назерке Нысанбаева

"Мен сендерге балмұздақ әпергім келеді" (с) Назерке Нысанбаева
жеке
блог

Сәкеннің туған күнін арқа-жарқа болып, тойлап өткенімізді Ардақ әдемілеп жазған-ды. Мен де оны толықтырып, сондай-ақ, той тарқаған соң, Болатбек бастаған алтаудың  балмұздақ үшін боулинг ойнағаны туралы айта кетейін деп, жазба жазуға кірістім.

Барлығын басынан бастайын. Боулингті екі топқа бөлініп ойнадық. Мен алаштықтардың тобына қосылып кеттім. Сонымен біздің топ 580 ұпаймен 518 ұпай жинағандарды жеңіп кетті. Барлығымыз ойын біткен соң, басымызды көтерсек, Маржан апай, сейілбек пен Құбаш ағаларымыз төрде отыр. Біз де кейін дастархан басына отырдық.

Тамадамыз Әзиз еді, ол бел ортаға келгенде алжыды да қалды. Бір кезде Болатбек нәзік жұдырықтарымен дастарханды бірақ ұрып: «Сәкенге тілекпен бірге, ол туралы естелік айту керек» деді. Содан не керек Сәкенге тілек айтумен қатар, «Сәкен блог жазғанда», «Ол - философ», «Сәкен танк ойнағанда», «Сәкен тасымалдағанда», «Сәкен мені үйге апарып тастағанда», «Сәкеннің күшігі жоғалғанда» деп кете берді естеліктер. Бірақ, жиналғандар Сәкеннің «Пришел, поработал, ушел» атты жазбасын ұмытып кеткен сыңайлы, ешкім ол туралы сөз қозғаған жоқ.


Содан тілектер жаудырылды, ән айтылды. Бір кезде Маржан апай қызыл карточка алып, тайып тұрды. Оның артынан Сандуғаш кетті. Әйгерім де бір кезде ізін суытты. Екінші дауыста ән айтқан Сейілбек көке мен Құбаш аға да кете барды. Бір кезде пакетке салынған құрт-кәмпиттерін ұмытты ма, әлде тойбастарға қалайын деді ме, Құбаш ағамыз жүгіріп келді. Сөйтсек, аяқ киімін шешуді ұмытып кетіпті. Боулингтің бәтеңкесімен үйіне кете берсе, үйдегі жеңгей қалай қарсы алар еді?! Бәлен мыңға алған туфлиі сол шкаф ішінде қалып қалар ма еді?! Әйтеуір, жеңгенің бір айқайынан аман қалып, аяқ киімін ауыстырып кетті үйіне. Ардақ та батарея сөнген фотоаппаратты асынып, жанына кербез қыздарды жинап, қол бұлғап кетті. Батыр бала Болатбек бастаған алтауымыз қалып қалдық. «Ал енді өзіміз отырып жақсылап шәй ішейік» деп Назерке шәй құя бастады. Сосын боулинг ойнайық деп шештік.


Бұл кезде сағаттың тілі 12-ден асқан. Алдында Сәкеннің құрметіне ойнап едік, енді не үшін ойнаймыз дегенде, Назерке «Давайте жеңілген адам бірнәрсе істесін. Желание орындасын. Или былай істейік ол алады да барлығына мороженое әпереді» деді. Содан келісіп, ойынды бастадық. Алға Азиз озып шықты. Соңынан келе жатқан біз лақтырған кезде қайта-қайта «Оооо, мороженое» дей берді. Одан қалса, «Шин-лайн», «Рожок» деп ағып жатқан сілекейін сүртіп тұрды. Бірақ, оны Ғали қуып жетті. Соңғы орында Назерке екеуміз қалдық. Болатбек болса маған қарап: «Магазинге бара бер бар» деді. Өзі алдында барлығымызға сағыз таратқан. Осы кезде аузымды аңдып тұрған Назерке: «Что-то Ғазиза сағызын қатты шайнай бастады» деп барлығымызды күлдірді.


«Не болды балмұздақ жемей өстіңдер ме? Жарайды, алып беремін, тау етегінде жұмыс істейтін сіздерге балмұздақ қайдан болсын» деп жаным ашып, ішімнен балмұздаққа кететін тиын-тебенді есептей бастадым. Бір кезде қол шапалақтап, биледім. Бұл бидің құдіреті ме, әлде әруақтар қолдады ма, Болатбек, Назерке, Әзиз лақтырған шарлар тыс кетті. Ал Сәкен мен Ғалия шарлары страйк болып кете барды. Сонымен, ойын соңында мынадай қорытынды болды:

Ғалия -213; Әзиз – 159; Сәкен және мен - 153; Болатбек – 152; Назерке – 149.


Сонымен, Назерке барлығымызға балмұздақ әперетін болды. Ойын басталмас бұрын, өзі шарт қойған Назеркенің сөзін еске түсірдім. Сөйтсем, ақ пейілді Назерке бізге балмұздақ әпергісі келіп жүр екен ғой. Жәй боулингті сылтауратып, орайын таба алмай жүр екен. Келесі жолы ештеңені сылтауратпай, бізге сыйыңды ала бер, Назерке)))))

Назерке балмұздақ әпергісі келіп өздігінен жеңіле берді

Ойын барысында, екі мәрте мониторды өшіріп алдым. Болатбек қайта-қайта басып, қосып жатты.


Кеше жол түсіп алаштықтарға барғанмын. Балмұздағыма емес, басқа жұмыстармен. Мені көрген сайын Назерке: «Әлі алған жоқпын» дей берді. Болатбек: «Анау қыз әлі әпермеді, айтшы алып берсін» деді дірілдеп. Әзиз тып-тыныш отыр. Сәкен орнында жоқ. Ғалия жұмысқа келмепті. Шамасы, Назерке: «Жемейсіңдер балмұздақ» деген ғой деймін)))) Мен кетіп бара жатқанда бір кезде сызылып балмұздақ толы пакет ұстап Назерке кіріп, сыбағамызды бөліп беріп жатты. Кіп-кішкентай Мариям «Маған ше?!» дегендей ишарат білдіріп еді, Назерке: «Мен кеше боулингтен жеңілім қалғанмын» деп қойып қалды. Бір кезде бір бұрыштан: «Боулинг ойнап па едіңдер?» деді біреу таңырқай дауысын шығарып. Шамасы, оған боулингке барамыз деп те ешкім айтпаған.

Осылай балмұздақ үшін өткен боулинг чемпионаты аяқталды.