Қазақ өнерпаздары жайлы қызықты фактілер

Қазақ өнерпаздары жайлы қызықты фактілер
жеке
блог

"Өнер – махаббат! Махаббат – өнер..." деген сөздерді өсиет еткен қазақтың тұңғыш кәсіби биші қызы Шара Жиенқұлованың осы жылы 100 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Шара Жиенқұлова нағыз алматылық ару. Ол Алатаудың бөктерінде 1912 жылы 18 тамызда дүниеге келген. Әкесі Баймолда Жиенқұлұлы Жетісу өңіріне қадірлі, беделді, дінге қатты сенетін адам болған. Баймолда үлкен әйелі Нұрбүбі қатарынан он төрт қызға құрсақ көтергенде, қатты ренжіп: «Жасым болса келіп қалды, шаңыраққа ие болатын ұл балам жоқ», – деп, бірінші әйелінің үстіне Шараның шешесін алады. Бірақ сүйіп алған жас әйелінен он бесінші қыз болып, Шара дүниеге келіпті. Кішкентай қызының бойынан бишілік дарынын байқаған әкесі қытай бишісін жалдап, бүлдіршініне би өнерінің алғашқы нышандарын үйреткізген екен.

Пы.Сы. "Өнеге" журналы қазақтың тарихта қалған өнер майталмандарын ұмытпай, олардың өнері мен өнерінен көптеген мағлұматтар ұсынады.