Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Меруерт Түсіпбаеваны қазақ оқулықтарының мәселелері толғандырады

Меруерт Түсіпбаеваны қазақ оқулықтарының мәселелері толғандырады

Меруерт Түсіпбаеваны қазақ оқулықтарының мәселелері толғандырады

"Мен туып өскен жер Павлодар облысы, Баянауыл ауданынан да шалғай жатқан ауыл еді. Орыстардың ортасында өсіп, орыс мектебінде білім алғанмын. Бірақ, баламды қазақ мектебіне бердім. Қазір Жәния Әубәкірованің авторлық мектебінде білім алып жатыр. Баламды қазақ мектебіне беріп, қиындықтарға ұшырасып қалған сәттерім көп. Қазақ мектебіне арналған кітап шығарушыларға айтар өкпем бар. Екінші сыныптың баласына Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жаттатқызу қалай қиынға соққанын білсеңіз ғой... «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» деген бір жолын балама түсіндіру үшін ас үйдегі тақтайды алып, оның үстіне пышақпен сызықтар салып: «Тілін құрметтемейтіндерді осылай өлеңмен тілгісі келеді»,– деп қиналып жеткіздім. Сондай-ақ, екінші сыныптың мектеп бағдарламасында «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген әңгіме бар. Нұх Пайғамбардың кім екенін өзім түсіндіре алмағандықтан ұстазына телефон шалдым, сонда ол кісі: «Нұх Пайғамбар бір адам деп түсіндіреміз», – деді. Ойлаңыздаршы, егер сегіз жасар балаға Алланың қаһары, топан судың қаптауы, адамзаттың қырылуы туралы тереңірек тақырыпты ашып түсіндіретін болсақ, балада қорқыныш, үрей пайда болып, психикасына кері әсер етпей ме?! Осындай күрделі тақырыпты 6-7-сыныпта қозғаса да, болмай ма? 70 жыл ішінде кенже қалған ана тіліміздің мәртебесін өсіргіміз келсе, қазақ тілін меңгерудің жолдарын қиындатқанымыз дұрыс емес. Осындай оқулықтардың кесірінен ана тілінде білім алғысы келген қаншама орыс тілді балалар қайтадан орыс мектептеріне кері қайтып жатыр. Осы мәселелер жаныма батады. Жүрген жерімде балаларыңызды қазақша бала бақша мен мектепке беріңіздер деп жүруден шаршамаймын." 

Меруерт апайымыздың бұл үлгілі ісіне өте ризамыз. Қазіргі уақытта қазақ тілінде оқулықтардың аз екендігін, қазақша білім алу кейін өмірде өз орныңды табуға қиыншылық әкеледі дегенді естіп жатамыз. Қазақ тілінің мәртебесі жайлы көп айтсақ та, қарапайым білім алу деңгейі ақсаңдап жатыр. Сіз мектепте қай тілде оқыдыңыз? Қазір шынымен қиын болып жатыр ма? Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.

P.S. Меруерт Түсіпбаевамен толық сұхбатты "Өнеге" журналының №9 санында оқи аласыздар.

1050 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 02 қазан 2012, 14:14
Тегтер: Меруерт Түсіпбаева, әнші, сұхбат, қазақша оқулықтар, қазақ мектептері, қазақша білім алу, Өнеге журналы
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 14:19

Өз басым қазақша білім алдым. Мектепте де, колледж, универде де. Колледжде программистке оқығандықтан оқулықтардың бәрі орысша болды. Ауылдан келген балаларға қиындау болды. Алайда сол кезде қазақшаға аударып жатқандар баршылық еді. Меніңше, осы тұрғыда ЖОО оқулықтарын аударатын мамандарды іріктеп, жақсы оқулықтар шығаруға ықпал ету керек. Алайда өмірде өз орныңды табуға білімділікпен қоса, адамның ептілігі де маңызды.

+0
02 қазан 2012, 14:41

Жақсы мысалдар келтіріпті.

+0
02 қазан 2012, 14:44

Мектепте де, универде де қазақша оқыдым. Біздің кезде кітаптар сапалы еді. :!: Универде біздің мамандық бойынша қазақша кітаптар аз болды, орысшадан қиналдым. Аударылған кітаптардың көбі сапасыз болды

+0
02 қазан 2012, 15:14

«Тас жүректі тіліммен тілімдедім» деген бір жолын балама түсіндіру үшін ас үйдегі тақтайды алып, :lol: :lol: :lol: бірақ рас Мөлдірім 1-2 класты қазақша оқыған :lol: :lol: :lol: небір :lol: болды ғо :lol: :lol: :lol:
сосын құдайға шүкір быйыл 3 класты орысқа бердік.
кейін баламды орыс класқа берем, дәл осылай метод өзгермейтін болса қазақ мектептерінде.
Біздің кезде қайта тәуір болыпты ғо 12 жыл бұрын, қазіргі оқулық ужас енді :oops:
Өзім қазақ класын бітірдім, Универде 1-2жылы қазақ, сосын орыс/өз мамандығымыз боп кетті.

+0
02 қазан 2012, 15:21

Ауылдың мектебінде қазақша оқып бітірдім. 1-ші жылы ауылдан келіп орыс группасында оқыдым, қиналдым. Келесі жылында басқа колледжге қазақ группасына ауыстым, орысшаға 1 жыл үйреніп қалған аса қиын болған жоқ. (білмеймін қалай оқып шыққанымды бітірдім). Алғашқы жұмыс ортам да. қазіргі жұмыс ортам да орысша. Болады кей кездерде (жұмыс бабындағы нацбанкке жіберетін сияқты хаттарда) ойыңды орысша жеткізе алмай қаласың. Қазақша ойлап орысшаға аударып, осылай дұрыс па тексеріп беріңіз деп бастықтың өзіне беремін. Тексеріп береді көбінше түзету енгізбейді. Соған қарап дұрыс жасағанымды білемін.

+0
02 қазан 2012, 15:41

Қазіргі мектеп оқулықтары тым күрделеніп кеткен. Бұрындары біз оқығанда жеңіл сияқты еді. Сол кітаптарды оқып-ақ, білім алып шықтық. Өзім мектеп, колледж, универді де таза қазақша бітірдім. Ең алғаш ауылдан қала мектебіне оқуға келгенде орысша акцент деген страшный болатын. Диктант жазуға қиналдым. Сонда ойлайтынмын: қаланың орысшаға судай балалары орыс тілінен де беске оқитын шығар деп. Сөйтсем, олардың көбісі ауызекі тілді жақсы білгенімен, грамматикаға нашар екен ғой. Кейін, орыс тілі мен әдебиетінен 4 пен 5ке оқитын оқушы болдым.

+0
02 қазан 2012, 16:14

"Үш бақытымды" бала-бақшада үйрендік қой. Әке-шешеміз тақтайсыз-ақ, дұрыстап, түсіндіріп берген. Кітаптардың қазіргісі аса ұнай бермейді. Мен білім алған кітаптар сапалы әрі қызықты еді. Қазақ тілді сапалы білім алу қиынның қиыны. Бірақ, бала кезден екі тілге жүйрік болған мен аса бір қиналмадым.

+0
03 қазан 2012, 00:17

мен универде ағылшынша оқимын баааарлық сабактарды, қиналыңқырап жүрм енді :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев