Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қазақстанда орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден асып отыр!

Қазақстанда орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден асып отыр!

Қазақстанда орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден асып отыр!

Тағы да бөркімізді аспанға лақтыруымызға болады. Өйткені, статистиктер 2012 жылдың шілдесінен бастап, Қазақстанда бір адамның орташа айлық жалақысы 106 мың 620 теңгені құрап отыр деп мәлімдеді. Бұл 2011 жылдың көрсеткіш индексімен салыстырғанда 114,7 пайызға артық екен. Бұл дегеніңіз сіздің өмір сүру деңгейіңіз ЖАҚСАРЫП келеді деген сөз!!!

Сонымен қатар, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері журналистика, қаржы және сақтандыру қызметінде – 205,2 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 195,4 мың теңге, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 181,5 мың теңге болып белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 48,9 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 54,2%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау Атырау облысында – 190,3 мың теңгеге белгіленді. Соған қарамастан бұл өңірдің адамдары "бұл бізге жетпейді" дегенді қайталай береді. Бұл жақта болып жатқан көтерілістер, осы жалақы мөлшеріне тікелей байланысты! Мүмкін өмір сүру деңгейлері жоғары болар? Кім білсін...

П.С. Шын мәнінде бұл көрсеткіштерге КҮМӘНІМ бар. Ал, тексеріп көрелік: СІЗДІҢ жалақыларыңыз ОРТАША айлық жалақыдан төмен бе, әлде жоғары ма? (106 620 тг.)

4380 27
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 01 қазан 2012, 09:44
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 11:26

Рас боса игі еді.

+0
01 қазан 2012, 12:01

190мың теңген көп балалы үйлерге дымда емес. Кредиті бар,балаларының оқуының ақшасы бар,ішіп жеуі бар,әрі бізде барлық заттар өте қымбат. Ауылбайлық жігіт,сауысқан сақтығынан өлмейді,сұқтығынан өледі дид,сенде соның кебін киіп жүрмегейсін

+0
01 қазан 2012, 12:27

Сол Алматыдағы секілді бағалар го сендердеде! Ал біздердегі адамдар 50 мың тенгеге де өмір сүре алады! Нан 65 тенге, жол ақы- 80 тенге, сүт-150 тенге, ет-1300 тенге. Көріп тұрсың ба? Еш айырмашылық жоқ! :geek:

+0
01 қазан 2012, 13:19

:twisted: білмейтін нәрсеңе соқтығып,жабыса бермеш! Айттымғой саған,қалай өмір сүретінін көргің келсе,келіп осында өмір сүріп көр. Саған айту,проблеманы шешу өте оңай,әрине, тек ғаламтордың ар жағында отырып қана. К....мен бал ашып,бықсытып отырғанды білесің.

+0
01 қазан 2012, 13:20

Алматы мен Маңғыстауды салыстырғаның аспан мен жерді бір біріне қосқанмен бірдей

+0
01 қазан 2012, 14:00

Аспан мен Жер дейтіндей не айырмашылық бар? :o Алматыда еш қазба-байлық, еш мұнай жоқ, әйтеуір өмір кешіп жатыр жұрт! Ал Маңғыстауда МҰНАЙ КӨӨӨП, ақша көөөп. Не ішсем не жесем демейсіңдер. Мұнайдан түскен ақшаға РАХАТ өмір кешіп отырсыңдар! Міне айырмашылық! :geek:

+0
01 қазан 2012, 14:06

ей,ауылбайлық жігіт! мен саған айттымғо,білмейтін нәрсеңе араласа берме! Сұқтана берме! Жел сөзге еретінін көрініп тұр! сен телеарналарда айтқан сөздерге сеніп,аузын ашылып жүрген болар. Мұнда тек көп болса 30пайызы ғана сол байлыққа белшесінен батып жүрген,басқалары олай өмір сүрмейді.Қанымды ішпей,жайына отыр!

+0
01 қазан 2012, 15:24

Мынбаева ХАНЫМ!!! Әрине кешірім өтінемін. Бірақ Назарбаев айтты ғой, что Нефтяниктер АҚШтың айтқандарымен көтеріліске шықты. Яғни, әдейі мұнайлы елді әдейі арандату мақсатымен, біздің мұнайға қызығу мақсатымен, АҚШ жанаөзендіктерді өз мақсаттарына қолданып, миларын улап, көтеріліске шығарды деп! Міне, бар білетін ақиқатым осы АЙНАЛАЙЫН!!! :geek:

+0
01 қазан 2012, 15:32

саясатпен Саясат Бақтыгереевич айналыссын (с) :roll:

+0
01 қазан 2012, 15:43

Анау жақша ішіндегі - (с) не сөз? :roll: Жаман секілді естіледі екен! :twisted: Кішкене де болса жұмсарғаныңыз дұрыс болар еді. Жаман сөзіңізді меңземей! Болды ойнамаймын! :( :( :(

+0
01 қазан 2012, 15:53

Оттапты! Акикатын бар болсын! Шылги отiрiк! Мен канша рет айтуым керек,бiлмейтiн нарсене араласпа,суктана берме деп! Ана жерiндi кыста,отыр ундемей! Аузым бар деп,отiрiк ангiмемен "бiлгiшсiнiп"коки бермей! Кет дегенде итте кетедi,коя гой дегенге коймайсынгой. Ит курлы тусiнiгiн болмадыау! Адайлар байып жатыр деп,iштен кореалмаушылык сезiмiн тыным бермей жатырма? Мейлi,не ойласанда оз еркiн! Ен бастысы нагыз акикатпен кун корiп журген сен емес,бiз! Ойлай бер,жек кор,кореалма,жаманда,датта! Арине,егер еркек емес,ез болсан солай ойлай бересiн. "Ханнын да артынан бiр жудырык"дегендей,алыста отырып,озiнше айбат шегiп,катырдым деп отырсынго. Мыкты болсан,Жанаузенге кел де,осы создерiндi кайталап айтшы,ит терiсiн басына кактатып берер. Катындай салгыласа бермей,еркектiк орнынды бiл. Бишара,аяймын саган жар болайын деп журген адамды. Еркектiк кылыгын,созiн жок! Рухани надан адам екенсiн!

+0
01 қазан 2012, 16:02

Ой сен бір жетісіп отырсың! Сол жоғарыдағы ЖЕМІРЛЕР АДАЙЛАР болса қайтесің енді. Өзің де білгіш құсамай көлгірсімей жайыңа жүр! Адай адай деп қоймадың ғой! Адай не? Әулие ме? Жай ғана пенде! Пендешілікке салынып кеткен қазақтар! Тіпті қазақ деп айтуға ауыз бармайды, жартысы таза ҚАРАҚАЛПАҚтар! Өздерін мықты қылып көрсетеді го түріне қарамай! Керек десең атом бомбысын тастап ЖАРЫП жіберем АДАЙЛАРДЫ! Руға бөлінбей жайыңа жүр сүт ішетін қыз бала!!! :twisted: :twisted: :twisted:

+0
01 қазан 2012, 16:50

:twisted: ей,шектен шыкпа! Бiр елде турып,оз кандастарынды болiп жарып не айтып отсын? Каракалпак дейтiндей,бiздiн кiндiгiмiздi каракалпак елiнде кесiппедiн? Ауылбайлык жiгiт,корпене карай косiл! Колыннан келмейтiн затты айтпайак кой! Еркек емес,езсiн! Жiгiт емес,мiгiтсiн! Сен сияктылар,казахтын ауызбiршiлiгiн бузып,отка май куятын! Намыссыз,ауылдын "былшыл"создi мiгiтi екенсiз. Аузымен орак орып,колынан тукте iс келмейтiн,наданы.

+0
01 қазан 2012, 17:14

Қарақалпақ болу үшін міндетті түрде кіндігіңді қарақалпақ елінде кесу керек пе екен? Сен де былжырап сөйлей береді екенсің! Сөздеріңнен-ақ белгілі ҚАЛПАҚ екенің! :twisted:

+0
01 қазан 2012, 17:16

Қымбатты Ауылбайский жігіт пен Адай кыз Шогы! Порталда діни, саяси мәселелердің, руаралық алауыздықты қоздыру мәселелерінің талқыланбайтынын естеріңізге саламыз.

+0
01 қазан 2012, 17:23

неге Ауылбайский жігіттің жазбасын жария қылуға рұқсат етесіз?! Әр сөзінде өзі тиісе кетеді. Шара қолданбайсызба? ӘДІЛДІК МҮЛДЕМ ЖОҚПА СОНДА? Өзіңіз көріп отырсызғой алдымен ол бәрін бөліп жарып,алауыздық тудырып отырғанын!

+0
01 қазан 2012, 17:19

Ал,сен-ақ қазақ бол,мен қазақ жерінде туылып,қазақ болып туылсамда,калпақ болайын! саған содан келер пайда болса егер. :twisted: Өз қазағын шетке ысырып,кемсіткен сендей аға қазақтан Алла бетін аулақ қылсын! :cry:

+0
01 қазан 2012, 17:28

Әрине кешірім өтінем! Бірақ бәленің бәрін бастап отырған өзіңсің ғой? :roll:

+0
01 қазан 2012, 17:42

ал сен жазбаңда,обезателно Маңғыстау еліне тиісе кетуін керекпа? Мен өткенде айттым емеспа,білмейтін затына,к...н қышып,араласпай отыр жүр деп. Өзгелердің жалған мәліметтерге бола босқа айыптап,жала жапқандары жаныма батады. Қайталайын,мен статистика,тағы бір бәле дегендеріне,қағазға емес,көзбен көріп,қолмен кескенге ғана сенем. Қағазға жаза салуда,өзгерте салуда өте оңай.

+0
01 қазан 2012, 18:02

Мақұл Ренжімеңіз! Айыптымын! :geek:

+0
01 қазан 2012, 16:16

Айлығым статистика айтқан орташадан сәл төмен, бірақ, Аллаға шүкір, жағдайыма наз айтатын жәйім жоқ, е, Аллам-ай, 190мың аз дейтін күннен сақташы пендеңді. Статистиктер айтса бір есепке сүйеніп айтты ғой, сенбеске шарам жоқ, сенбейтіндей себеп те жоқ - қазақ жағдайын тіктеді, орташадан жоғары алатындар да бар ғой арамызда...

+0
01 қазан 2012, 17:16

Сізге айту оңай болар. Өзіңіз ойлап қараңызшы,бізде көп балалы үйлер көп. Кем дегенде әр үйде 5 баладан бар. Сол 5 баланың бәрі оқу жасындағы балалар болса,студенттер болса үйде отағасыдан басқа адам жұмыс жасама,ол ақша жетпейді депте айтуға болады.көзге көп көрінгенмен,ол ақшаға бізде барлық жыртық жамауынды бітей алмайсың. Әр үйдің баспанасын бүтіндеу үшін алған кредиттері бар,баланың киім кешек,ішім жемі бар,ай сайынғы төленетін коммуналдық төлемдерің бар,апта сайын сатып алатын суын бар,студент баланың оқуының ақшасы бар,қазақтардың көп баратын той,садақасы бар,соның бәрін есептегенде,бір жанұя келесі айлыққа дейін әупірімдеп жетеді. Бізде ешқандай условия жасалынбаған,соның өзі біраз ақшаны 2есесімен қырып жойып кетеді. Статистикны қай қалаға қарап шығарғанын білмеймін,бірақ мен оны өтірік дер едім. Бұл көз алдау ғана. Өз отбасымда 2адам ғана жұмыс жасайды,2нің жалақысын қосқанның өзінде 100мыңғада жетпейді. Келесі жалақыға дейін,автобусқа төлейтін 50тенгеніде таба алмай қалатын күніміз әліде бар. Ондай адамдар тек біздің отбасыда емес,көбінде солай. Стастикаға мен сенбеймін,кімге қарап,қайда қарап есептеседе,мен өз көзіммен көріп,біліп жүрген жағдайларға ғана сенем.

+0
01 қазан 2012, 17:42

Мұндай жағдайларды бұқаралық ақпарат құралдарында неге хабарланбаған? Мұндайын білмеппін! Сізден тағы да кешірім сұраймын! Сізге енді соқтықпауға тырысамын! Өтінемін РЕНЖІМЕҢІЗ! Бәрі Білместіктің Кесірі! :geek:

+0
01 қазан 2012, 22:31

Былай ғой ол: қарапайым халық 50000 алады, ал андайлар 200000 алады, сонда орташа есеппен біз 100000нан аса аламыз немесе билік ет жейді, а халық капуста жейді сонда орташа есеппен біз бәріміз голубцы жейміз :D :D

+0
03 қазан 2012, 12:54

:lol: :lol: :lol: әлбетте, статистиктер есепке жүгінеді ғой "айлығым аз" деген арызға емес))) 1-көрші 100мың алып, 2-көрші 20мың алып, 3-көрші дым айлық алмаса да орташа көрсеткіш 40мың болады! Сонда үшінші көрші статистикаға қандай гәп айта алады, айтуға қандай қақысы бар?

+0
03 қазан 2012, 16:40

қақысы мүлдем жоқ! айына орташа есеппен қырық мың алып ап еще арыз айтад ә? :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев