Романтикалық кеш

Романтикалық кеш
жеке
блог

Кеш жарық! Сайтымызда романтикалық кездесулер деген атпен жүрген әдемі эстафета болып еді, Мика қарындасым тізесіне қойып екі бөліп таяғын лақтырып жіберді, ашуланып))) жап –жақсы эстафета еді негізі.

Бүгін сендермен өзімнің бір романтикалық кешке дайындалған дайындығыммен бөліскім келеді. Осында қыздар ғашықтар күніне орай романтикалық кеш жасаңыз деген тақырыпта айтыпты күнде тамақ жасап жігіттердің асқазаны жетейік деп, ал біз жігіттер бір күн тамақ жасап қыздардың жүрегіне асқазан арқылы  жол табайық. Інілеріме кеңес  бергім келеді, біздер яғни жігіттер жасай алатын оңай тамақ түрлерінің жасалу жолдарын.

Ең алдымен өзің ұнатып жүрген аруды шақыру керек. Шақырғанда жай қоңырау шалып қана емес, ерекше бір жаңаша түрмен. Фотошоптың құдыретімен өзіңнің фантазияңмен жасауға болады немесе мына жерде жақсы жазалған ашық хаттың бірін тағдап алып сөздерін өзгертуге болады.

Шақыртуды берген соң, кездесу өтетін жерді әсерлі етіп әдемілеп безендіру керек, мен өзім күнде кафе, клубтарға шақыра бергенше өзгеше етіп үйге шақыруды кеңес етемін. Ол үшін оңаша үйді дайындау керек. Ол жерде міндетті түрде тазалау керек. Ал енді  кешкі асқа дайындаған тамақтарымның жасалуы жолымен бөлісейін.

  1. Бұл тамақтың атын білмеймін. Орамаға ұқсайды.

Керек заттар: лаваш,тартылған ет,сәбіз, чеснок,айран,ірімшік, көк жуа,тұз,бұрыш.

А)Алдымен тартылған етті табада қызып тұрған майға қуырамыз,шамалы қуырылған соң  сәбізді үккіштен өткізіп үстіне салып тағы қуырамыз, үстіне чеснокты ұсақтап турап, бетін жауып суытып қоямыз.

Ә)  Көк жуаны ұсақтап турап,ірімшікке араластырамыз.

 Б)Лаваштың 4/1 бөлігін алып турап, айранға аралыстырамыз.

В)Духовканың табасын майлап лаваштың бір жайымын жаямыз, жартысын сыртына қалдырып, жайманың үстіне қуырылған етіміздің жартысын саламыз, бетіне екінші жайманы жаямыз,оның үстіне көк жуа аралыстырылған ірімшікті салып,екінші жайманың қалған бөлігімен жабамызда үстіне айранды құямыз,оның үстіне қалған фаршты салып бірінші жайманың қалған бөлімен жауып, үстіне сары майды жағып, духовканың 240 градусына 15минут салып пысырамыз.

Дайын тамақ.

  1. Өзіме ұнайтын радуга салатын, «Love» деп өзгертіп ат қойып алдым))

Керек заттар: асылған тауық еті немесе қақталған шұжық, картошка, жұмыртқаның сарысы, болгар бұрышы,қызылша, тұз,фальга,майонез.

Болгар бұрышын фальга қағазына орап, духовканы 220градусқа койып 20минут пысырамыз.

Асылған тауық еті немесе шұжықты кубик етіп туралып саламыз, үстіне картошканы уккіштен өткізіп майонез жактым. Пысырылған бұрышты үккіштен өткізіп, картошканың жиегіне салып шығамыз. (фантазияға байланысты, жүрек жасауғада болады. Мен жасай алмадым жүректі)Қызылшаныда үккіштен өткізіп  қалауыңыз бойынша сәндейсіз.

Салатымыз дайын.

  1. Жемістерді  аршып, өз қиялыңмен әдемі етіп турап, десерт дайындауға болады.

 

  1. Әдемі кинолар алып қойып, мынандай етіп шипсы жасап, үйіңізді кішігірім кинотеатрға айналдыруға болады.

Әр күндеріңіз сәтті, , жалындаған сезімдерге, романтикаға толы болсын.