Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
жеке
блог

Құрметті әріптестер, достарымыз және де барлық өнер жолындағы азаматтар!

Президентіміздің Жарлығымен Тәуелсіз мемлекетіміздің мерекелер тізбесіне жаңа кәсіби мереке - "Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін", яғни біздердің мерекеміз қосылып отыр екен! Бұл мереке биылдан бастап қыркүйектің соңғы күнінде тойланбақ.  Осы кәсіби мерекемізбен құттықтаймыз өздеріңізді!

Қандай да бір мерекелік шаралардың басы-қасында жүріп, халықтың көңіл-күйін көтеруге барын салып жүрген бұл саланың өкілдерінің енді өз мерекесі бар екен қуанышты. Жалпы, мерекелерде, демалыс күндері болсын жұмыста жүретін әріптестеріміз енді өз мерекесін тойлайтын болды. Шығармашылық өрлеу тілейміз Сіздерге! Еліміздің мәдени құндылықтарын әлемге биік дәрежеде паш етіп, мәдени мұраларын келер ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек ете берейік! Әрбір еңбектеріңіздің жемісі - халықтың ҮЛКЕН қошеметі түрінде болғай!

Ал, елімізде тыныштық болып, бір-бірімізді осындай мерекелермен құттықтау үшін ғана жиналып, блог жазуға да әрқашан тек осындай жайлар себеп болса екен деген тамаша тілегіміз бар!