Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Күрең күздегі көңілсіздік (немесе саябақтағы оқиға)

Күрең күздегі көңілсіздік (немесе саябақтағы оқиға)

Күрең күздегі көңілсіздік (немесе саябақтағы оқиға)

Эээээх, мына қоңыр күз де өз патшалығын құрып бітті-ау... Бүгін Алматы сондаааай көңілсіз, сары, қоңыр көйлегін киіп алып жылааааап тұр.

Неген екені белгісіз, менің де көңілім құлазып ағыл-тегіл жылап алғым келіп отыр. Демалыс күндеріме құрған бірді бір жоспарымды іске асыра алмадым. Күз басталса, өзімді танымай кететін әдетім бар. Қанша жылдан бері солай. Көңілім ештеңеге толмай, өткен-кеткенім есіме түсіп, мұңмен дос болып аламын. Болмашы нәрсе үшін ашуланып, түймедейден түйедей нәрсе жасап алу әдетіме айналып кетеді.

Кеше ғой, көптен бері көріспеген досыммен кездестік. Көрісе сала, Алматының шағын бір саябағына жайғасып алып, өткен-кеткеніміз туралы сыр шертуге кірісіп кеткенбіз.

Солай әңгіменің қызығына енді кірісе бергенде, бізден бір-екі аттам жерде көкөніс сатып отырған апайдың жан даусы шықты. Жалт бұрылып қарасақ, бір кісімен екеуі кәдімгідей төбелесіп жатыр екен. Көзім шаранамнан шығып кете салдады. Бейтаныс ер кісі апайға қол көтеріп қана қоймай, адам шыдамас боқ ауыз сөздер айтып жатыр... Апай жылап та жіберді. Қолына түскенімен ұрып жатыр, ұрып жатыр...

Араларында не болып жатқанын түсінбедім, әйтеуір, елдің бәрі жиналып қалған. Екеуміз тұрдық та, тез-тез кетіп қалдық.

Көңілім түсіп кетті. Ер кісінің әйелге қол көтерген көрінісі көз алдымнан кетпей қойды. Екеуі де қазақ қой... Қызық, не болды екен? Бір қарағанда, ерлі-зайыпты адамдар сияқты((((

Шынайы өмірде ер адамның бұлай қол көтергенін екінші рет көруім екен.

Алғашқысы, осыдан бірнеше жыл бұрын, тоғызыншы сынып оқы жүрген кезім-ау, мамам жұмсаған соң көршіміздің үйіне барғанмын. Атамыз мас екен. Негізі өзі жақсы кісі. Бірақ, ашуланған кезде оны ешкім танымай қалады. Сондай ашулы сәттерінің біріне дәл түсіп қалыппын. Үйіндегілердің бәрі дастархан басында тамақ жеп отыр екен. Шақырған соң, мен де барып жайғастым. Ешкім де үн жоқ. Кенет атам, өзінен-өзі жанында отырған әйелін жұдырықпен періп жіберді, апа ұшып түсті. Ондайды бұрын соңды көрмеген мен  қатты қорқып кетіп, атып тұрдым. Апам аузын қолымен жапты да үйіне кіріп кетті. Алды жиырмаған келген балаларының да ештеңе дей алмағандықтарына таң қалдым. Атам дастарханды аударып жіберді де, тұрып кетіп қалды. Ол кеткен соң, бәріміз орынымыздан тұрдық. Өзіммен қатар қызына дастархан жинауға көмектесіп жүр едім, апам үйден шығып келді. Аузы қатты ісіп кетіпті, қанталап тұр...

Сол оқиға көз алдымнан өте шықты. Айтыңыздаршы, қанша ашуға булығып тұрса да, солай жұдырық жұмсай жүрген дұрыс емес қой...

Кеше болған осы бір қарапайым оқиға, жан-дүниемді сілкіндіріп, маза бермей-ақ қойды.

Адамдар! Бір-бірімізді ренжітіп, бір-бірімізге ешқашан қол көтермейікші!!! Ондай жауапкершілігі жоқ іс-әрекетке жол беретіндей мына өмір тым қысқа ғой... 

8
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 30 қыркүйек 2012, 15:05
Тегтер: күз, саябақ, қол көтеру

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.