Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Зілтемірші қыздарымыз...

Зілтемірші қыздарымыз...

Зілтемірші қыздарымыз...

Көк туымызды аспандатқан зілтемірші қыздарымыз туралы қысқаша мәліметтер!!!

Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.
Әкесі - Манеза Сапахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда. Дүнген және орыс тілдерін біледі.
    2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).

 

Зүлфия Салахарқызы Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туған. Қазақстандық ауыр атлет, 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Дүнген. Әкесі - Чиншанло Салахар, кәсіпкер. Дүнген және орыс тілдерін біледі.
2008 жылдан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
2011 жыл Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әлем 53 кг салмақ дәрежесінде 227 кг (97+130) нәтижемен әйелдер арасында жаңа әлем рекордын тіркеп алтын алды.
2012 жылы 29 шілдеде Лондонда өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындары 2012-де 53 кг салмақ дәрежесінде қос сайыс бойынша 229 кг нәтижемен жаңа әлем рекордын орнатты.
“Құрмет” орденімен марапатталған (2009). 

 

Светлана Николаевна Подобедова (1986 жылы 25 тамыз, Иркутск облысы, Ресей) – Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Ресейден (Зима ауылынан) қоныс аударып келген спортшы. 2007 жылға дейін Ресей құрамасы сапында болған. 2007 жылы Светлана Қазақстан азаматтығын қабылдады. Екі дүркін Әлем чемпионы (2009, 2010), екі дүркін Еуропа чемпионы (2004, 2005), Қазақстан чемпионы (2010, 2011, 2012), Азия (2009) және Азия ойындары (2010) чемпионы атанған. 2011 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жұлқи көтеруде 134 кг салмақпен Әлем рекордын орнатқан. Қос сайыс бойынша 295 кг салмақтағы Әлем рекордын да Светлана Подобедова орнатқан. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.
2007 жылы Светлана Подобедова және жаттықтырушысы Қазақстан ауыр атлетика федерациясымен келіссөз жүргізіп Қазақстан атынан қатысуға келісімін берді. Алайда Ресей ауыр атлетика федерациясы оның бұл әрекетін құптамай, Халықаралық ауыр атлетика федерациясына шағымданды. Өйткені ереже бойынша қандай да зілтемір көтеруші басқа елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін арада екі жыл өткеннен соң ғана ресми халықаралық жарыстарға қатыса алады. Сөйтіп, ол төртжылдықтың басты жарысы Бейжің Олимпиадасынан шет қалды. 2009 жылы Подобедованың Алматыға келгеніне екі жылдан астып, ол Қазақстанның атынан сынға түсе алатын болды.
2009 жылғы Әлем чемпионатында жұлқи көтеру бойынша 130 кг бағындырып Әлем рекордын жасаса, серпе көтеру сынында 160 кг көтерiп абсалютті әлем рекордымен 2-шi орын алған Цао Лейден (Қытай) 23 кг басым түседі. Подобедова 2009 жылғы әлем чемпионы атағын тағы же­ңіп алды. Сонымен бірге ол Түркия­ның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында дүние­жү­зі­лік рекордқа үш рет өзгеріс енгіз­ді.

 

12911 7
Рейтинг: +0

Автор: anji ermenova
Жазылған уақыты: 28 қыркүйек 2012, 21:32
Пікірлер
+0
28 қыркүйек 2012, 21:56

википедиядан алдың ба :lol:

+0
29 қыркүйек 2012, 10:54

қайдан алсамда өз шаруам емес па?

+0
29 қыркүйек 2012, 20:53

Әрине, өз шаруаңыз, бірақ сол шаруаңыздың қайдан алынғанына сілтеме жасауға міндеттісіз ғой (сіздің жеке жазбаңызды біреу "өз шаруам" деп қолданса да әдепсіздік болар еді ғой, иә?)
ой, кешіріңіздер, мен негізі Ақжелең қызға жауап беруге келгем: "АХА, ИӘ, АЗДАП СОЛ ЖЕРДЕ" :lol:

+0
29 қыркүйек 2012, 00:31

Майя Манеза бізде оқиды екен ғой, қой, сабақтан қалуды қояйын :lol:

+0
29 қыркүйек 2012, 01:15

ҚызПУда оқисыз ба не? ;)

+0
29 қыркүйек 2012, 19:09

Светлана бізде оқыған екен, биыл сол жыр болып жатыр :lol:

+0
30 қыркүйек 2012, 16:02

Осындай қыздарды өз ұлтымызда да тәрбиелеу керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев