Қазақ барысымен...

Қазақ барысымен...
жеке
блог

Қазақ барыcы атағын жауырыны жерге тимеген Бейбіт Ыстыбаев жеңіп алғаны баршаға аян… Бүгін, дүние есігін 1985 жылы ашқын Бейбітпен кездестім, сұхбаттастым. Жамбылдық жігітке өңірінің атқамінері пәтер мен автокөліктің кілтін ұстатыпты таутұлғалы шынжырбалақ шұбартөске. Қыздар үшін айта кетер жайт түйе палуан әлі бойдақ екен. 150 мың долларды не істейсіз деген сұрағыма: -"Әкеме берем, қалаған жағына жұмсасын" деп жауап берді. Бар арманы ата-анасының алғысын алу. Бұйыртса әлі 3 дүркін қазақ барысы атанамын деген арманы менмұндалап тұр палуанның жүрегінде! Құдай жеткізсін. Толығырақ сюжеттен көресіздер:)