Жыламаймын...

Жыламаймын...
жеке
блог

Кеше өмірімде алғаш рет, қиналғанымды жылап, жұртқа көрсетіп қалдым. Әдейі көрсетейін деген мағынада емес, барлығы шарықтау шыңына жетіп, төзімім біткеннен шығар. Сөйтіп, жанарыма толған жасқа ерік беріп, егіліп жыладым. Әдетте жыласам да, ешкімге көрсетпеуші еді. Бұл жолы олай болмады... Қиналдым, жалықтым, жабықтым, жыладым...

Егіліп жылағанымда жанымда жұбатып, жігерлендіретін жанның болмағанына да ішім ауырды. Соншалықты жалғыз екенімді сонда сезгендей болдым. Оған дейін жалғыз екенімді білсем де, мойындамайтын едім. Бұл жолы жанарымнан сытылып түскен тамшыны сүртіп, жұбатар жанның сол сәтте жоқтығын білдім. Қиналдым...

Кейбір адамзат баласы неге қиналса да, оны ешкімге көрсетпей, жағдайы мүшкіл болса да, үнемі езуінен күлкі кетпейді. Біреулердің оны аяп, мүсіркегенін қаламайды. Өз басым да сол жандардың қатарында болатынмын. Кешегіге дейін. Кеше бәрін жиыстырып, ағыл-тегіл жыладым. Жандүнием "жасырын өмірден қажыдым, мен де өз эмоциямды көрсеткім келеді" дегендей болды.  Ал мен болсам, соны тыңдап, бәріне ерік бердім. Содан ба, аздап жеңілдеп қалдым. Оның алдында бәрін тастап кеткім келсе, қазір "Алланың сынағы болар, сәл күтсем, бір сыйын берер" деп тәубеме келдім. Қазір өмір, сол сәтте көргенімдей соншалықты жаман емес екен деп қоямын.

Жыламаңыздар! Жыласаңыздар да, ешкімге көрсетпеңіздер дегім келеді! Себебі, біздің әлсіз тұсымды өзімізден басқа ешкім білмегені дұрыс!