№4. 150 күндік бостандық немесе келін болуға дайындалып жатырмын)

№4. 150 күндік бостандық немесе келін болуға дайындалып жатырмын)
жеке
блог

Ерке қыз болған жақсы да жаман да. Ерке болған әрине жақсы ғой, еркелеп жүресің. Ал, енді күйеуге тигесін күйеуіңді, ата- енеңді, қайындарыңды тамақтандыру керексің ғой. Үйде артық жұмыс жасап көрмеген мен бейбаққа қиын болайын деп тұр.

Ештеме істемегеннің кемшілігін енді көрейін деп жатырмын. "Алған әйелің олақ", "шешесі не тәрбие берген, тіпті тамақ жасатып үйретпепті" деп айтпасын деп тамақ үйренуді үйден бастап кеттім. Жалпы мамам менің тамақ істей алмайтыныма кінәлі емес, мамам қанша үйретті бір-екі рет жасағасын ұмытып қалатынмын. Жиі жасап тұрмағасын ұмытасың ғой енді.

Сонымен, кеше мамам памидор тұздауды үйретті. Памидор бастық (тұздадық). Рет-ретімен жазып кетейін. Керек заттар: памидор 5-10 кг, болгар бұрышы 2 кг, тұз, қант, аспирин, ыстық су, көк шөп, чеснок, ірі қара бұрыш, лавр жапырағы.

1. Памидор басуда тазалық басты орында, памидор идеальный тап-таза болуы керек, ешқандай құрт болмауы керек. Бір-бірлеп жуып, құрғатып таза шүберекпен сүртіп алу керек. Әйтпесе, атылып кетеді.

Болгар бұрыштарында тазалап жуып, ортасынан бөліп аламыз.

Бәрін дайындап аласызда, банкіні стерилизовать етіп аласыз былай :). Қақпақтарды ыстық суға салып қоясыз:

Сонан кейін бәрін саласыз, аздап укроп, 3-4 бас сарымсақ, 2 тал лавр жапырағы,  6-7 қара бұрыш дәнегі, 2 литрға 2 тал аспирин сонан кейін реттеп памидорларды саласыз арасында болгар бұрышын қосып отырып банкіні толтырасызда 2 ас қасық тұз, бір ас қасық қант салып  газда бұрқылдап қайнап тұрған суды құясыз бетпе-бет қылып, аузын темір крышкамен жауып бекітесіз.

Бітті, салат дайын.Келесі жылға шейін ұмытып қалмасам :))).