Әлем чемпионаты 2023

Әлем чемпионаты 2023
жеке
блог

2023 жылғы бокстан әлем чемпионаты-Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен болатын.Айта кетейік, елімізден 13 боксшымыз бақ сынады.Отандастарымыз,Қазақстан құрамасының қоржынына 4 алтын, 1 күміс жүлде қорын сыйлады.


 Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған,алғашқы алтынды қоржынға ең жас боксшымыз- Санжар Тәшкенбай салды. Ол, AIBA 2021 бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының және 2022 жылы әуесқой бокстан Азия чемпионатының алтын медаль иегері екенін айта кетелік.19 жасар жас боксшымыз, 48 келі салмақта сыңға түсті.Төрт жекпе-жек өткізіп,жартылай финалда ресейлік Эдмондом Худояномды,финалда Грузиялық  боксшы Сахил Алахвердовиді 5-0  есебімен жеңді.Байқасақ,керемет құрылған  тактика,ең аз соққы өткізген боксшымыз.
 Екінші алтынды ең техникалы боксшымыз-Махмұд Сабырхан сыйлады.Махмұд Сабырхан 2001 жылғы, Шымкент қаласынын тумасы. «Қазақ Ломаченко» лақап атымен таныс. Әуесқой бокс мансабында 38 жекпе-жек өткізіп, 32-сінде жеңіске жетті.Сонымен қатар,Махмұд Сабырхан 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола,2021 жылғы Белградта әлем чемпионатының күміс,2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.Ташкентте өткен Әлем чемпионатында бес жекпе-жек өткізген болатын.  8 мамыр күні Венгрия боксшысы-Иштван Саканы,9-шы  мамыр  күні Үндістандық  Сачин Сивачты,10 мамыр Гана боксшысы Мохамед Амадуды айқын басымдықпен жеңіп жартылай финалға өткен еді. Отандасымыз жартылай финалда Йосвани Вейтиямен жұдырықтасты. Махмұд техникалық жағынан мықты,жұдырықтасқан кезінде соққылары дәл тиіп,тек алдыға ұмтылғанын байқауға болады.Сонымен жартылай финалда  3-0 есебімен жеңіп,финалға өтті.54 келі,ақтық бәсекеде Өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп,алтынды қанжығаға байлады.


 Үшінші алтынды ел құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов еселеді.Асланбек Шымбергенов 1993жылы, 9 қыркүйекте Тараз қаласы,Жамбыл облысында дүниеге келген.Былғары қолғап шебері әуесқой бокс мансабында 6 накаунтты тіркеп,92 жекпе-жегінің,74-де жеңіске жетті.2013-2018 жылдары арасында Қазақстан чемпионатының 2 алтын,2 күміс  медаль иегері.2019 жылы Уханьдағы,Дүниежүзілік әскери ойындарының алтын,2022 жылы Азия чемпионатының алтын жүлдегері. Бапкері Ермек Ертаев.2023 жылғы Әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегі 6 мамыр күні өтті.71 келі салмақта сыңға түскен еді.Қарсыласы  Аарон Принцті 5-0 есебімен есебімен ойсырата жеңді.9 мамыр екінші жекпе-жегінде Израильдық бокшы Мирослав Ищенконы нокдаунға түсірді.Үшінші жекпе-жегіндегі қарсыласы,Франция елінің өкілі Макан Траореден айласын асырды.Осылайша,жартылай финалда Үндістандық Дев Нишаттан басым түсіп,финалға өткен еді.14 мамыр Әлем біріншілігінің финалында отандасымыз Өзбекстандық Саиджамшид Джафоровтан басым түсіп,алтын медальді қанжығаға байлады.


 Төртінші алтынды 22 жасар Нұрбек Оралбай иеленді.Астана қаласының тумасы,бойы 187 см.Әуесқой бокс мансабында 46 жекпе-жек өткізіп,35-інде жеңіске жеткен болатын.2022 жылы Азия чемпионатының қола медаль жүлдегері.Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 80 келі салмақта өнер көрсетті.Оның алғашқы қарсыласы  Азербайджан өкілі Мурад Аллахвериев.Былғары қолғап шебері үш раундта  қарсыласынан үстем түсті.9 мамыр күні,20 жастағы Түркия боксшысы Каан Айкутсунмен айқасып,ширек финалға шыққан болатын.Ширек финалда,Азия чемпионатындағы қарсыласы Хусейн Ишаишпен  кездесіп,есесін қайтарды.12 мамыр жартылай финалда Ресейлік боксшы Имам Хатаевты 4-1 есебімен жеңді.Ең қызығы 14 мамыр финалда қос қазақ  жігіті кездесті.Яғни,26 жасар Қытай елінің атынан Тоқтарбек Таңатқан шыққан болатын.Керемет жекпе-жек өтті.Бірақ та, тәжірбиелі боксшымыз 4-1 есебімен жеңіп,алтынды қоржынға салған еді.


Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақтың төрт тарланы топ жарып,керемет жекпе-жек көрсетіп кетті.Осымен Қазақстан 18 алтын,16 күміс,22 қола медальімен 3орынға жайғасты.Кеше, 16 мамыр мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатының жүлделерін қабылған болатын.Сонымен қатар спортшыларға сәттілік тілеп,алдағы байрақты бәсекеде ел намысын лайықты деңгейде қорғайтынына сенім білдірді.