«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін ?»

«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін ?»
жеке
блог

Отанды сүю-өркениеттің белгісі. Туған жерім, құтты мекенім-Қазақстан. Туған жерін шын жүрекпенен сүйіп, оны құрметтеу әрбір адамның парызы болып есептеледі. Сондай-ақ туған жердің адам өмірінде алар орны ерекше.

Мен туған жерімнің табиғатын ерекше жақсы көремін, сүйемін. Туған жерімнің тау-тасы, бау-бақшасы, өзен-көлдері мен үшін өте ыстық. Өз туған жерімнің көрікті жерлерімен мақтана аламын. Себебі, осындай киелі әрі қасиетті жерде қаншама қазақ тұлғалары оның ішінде ақын-жазушылар, батырлар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері дүниеге келіп, өмір сүрген. Сол ата-бабаларымыздың бізге мұра етіп қалдырған киелі жерін сүйемін әрі көзімнің қарашығындай қадірлеймін.

Сонымен қатар, мен өз елімнің салт-дәстүрін, мәдениетін, өркениеті мен өнерін сүйемін. Себебі еліміздің рухани мәдениеті мен өркениеті сонау хандық билік кезеңдерінен бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Туған жерімнің салт-дәстүрлерін олардың берер тәлім-тәрбиесі үшін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты берік ұстап тұратындығы үшін сүйемін. Мысалы, қазақтар келген қонақты «құдайы қонақ», яғни құдайдың берген сыйы деп қарап, келген қонақты төрге шығарған.

Онымен қоса,көршілерімен арадағы қарым-қатынасты әрдайым жақсартып отырған. Бұлардың барлығы қазақ елінің қонақжай, сыпайы әрі ашық-жарқын халық екенін көрсетіп отыр.

Туған жерімнің тарихи тұлғаларын сүйемін. Ол қайраткерлеріміздің өнер туындылары мен еңбектері мақтануға тұрарлық. Елімізде қаншама ойшылдар дүниеге келген. Олардың еңбектері әлі күнге дейін ұлт санасында сақталған. Ертеде жазылып, айтылып кеткен пікірлер мен көзқарастардың қазіргі кезеңде де маңызы өте зор болып отыр.

Сондай-ақ мен өз елімнің сәулет өнерін сүйемін. Тарихқа зер салатын болсақ, қазақ даласында құрылыс ерте дәуірлерде басталған. Жетісу мен Шу бойы, Сыр жағалауы, Арыс пен Талас өзендерінің бойы, Ұлы Жібек жолының бойында қала мәдениеті дамып, бірегей сәулет өнерінің туындылары бой көтерді. Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесене-күмбездері, Сыр бойында жатқан қалалар соның дәлелі. Қазіргі сәулет өнерлеріне келер болсақ, елордадағы «бейбітшілік және келісім сарайы»-бұл ғимарат Арқа төсіндегі Астананың ауа-райы мен климаттық жағдайына ыңғайланып жасалған.

«Хан шатыр»-әсем дизайны бар монументалды ең ірі сауда орталығы және заманауи сәулет өнерінің туындысы. Бұл ғимарат Гиннестің рекордтар кітабына заңды түрде енген. «Көк төбе телемұнарасы»-талғампаз, ерекше архитектуралық дизайны бар биік ғимарат қаланың символына айналған. Оны салу үшін сол жылдардағы инновациялық құрылыс әдістері қолданылған.

Телемұнара ең биік құрылыс рейтінгінде Қазақстан екінші орында тұр.

«Қазақстан» қонақ үйі-Алматы қаласындағы ең биік ғимарат. Бұл қонақ үй күні бүгінге дейін Алматыдағы жер сілкінісіне ең төзімді ғимарат болып қала береді.

«Отан-оттан да ыстық» демекші, мен үшін туған жерім-ол менің ыстық мекенім. Мұқағали Мақатаев өз өлеңінде жырлағандай: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...