Көріпкел Бақыт Жұматова "Жаужүрек мың балаға" қарсы

Көріпкел Бақыт Жұматова "Жаужүрек мың балаға" қарсы
жеке
блог

«Елім менің» думанының төрінде талай танымал тұлғалар өз білімдерін ортаға салуда.

         Кезекті ойында «Талап» пен «Алтын» тобы болып бөлінген қатысушылар бір-бірін аямады. Мұрат Қожаның тобында  көріпкелдер сайысының 7-ші маусымының жеңімпазы Бақыт Жұматова, ақиық ақын Исраил Сапарбай, «Алматы аруы - 2010» байқауының жеңімпазы Салтанат Байжігітова, ал Қаракөз Тілеубекованың тобына журналист, дизайнер Азамат Сандыбай, әнші Шәкизада және «Жаужүрек мың бала» фильмінде Таймас-тың рөлін сомдаған жас актер  Аян Өтепберген келді.

        Ойын барысында Исраил ағамыз көп жерде көрегендік танытып, жастарға жол берсе, ал Шәкизада әндерді табуда  көрермендерге өз ісінің маманы екендігін дәлелдеді.

         Азамат журналист ретінде екінші айналымда тілге деген  біліктілігін көрсетуге тырысты. Бірақ, бүгінде елге жүргізушілік қырынан танылып жүрген Салтанат та фразеологиялық тіркестерді айтуда әріптесінен қалыспады.

         Бақыт Жұматова көріпкелдік қасиеттерін қарсы командаға қалай пайдаланғанын, Аян Өтепберген өз патриоттық білімін «Таймас»  ретінде қалай көрсеткенін білгіңіз келсе, «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Елім менің» думанын көруге асығыңыз. Біз сіздерді қыркүйектің 30-шы жұлдызы, сағат 21:30-да эфирде күтеміз.