• 451.15
  • 503.11
  • 4.94

Үйдегі тазалықты ұзақ уақыт бойы сақтауға көмектесетін әдістер

Үйдегі тазалықты ұзақ уақыт бойы сақтауға көмектесетін әдістер
жеке
блог

1-әдіс:
Үйдің ластануына әсер ететін бірден-бір себеп:қалыпты істерді кейінге қалдыру.

Кей адамдар күнделікті жасау керек істерді кейінге қалдырып жатады. Мысалы: ұйқыдан тұрғаннан кейін төсек жинауды кейінге қалдыру немесе тамақ ішіп болғаннан кейін кір ыдысты қалдыра салу.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін алдымен,бұл іс сіздің тек қана 5 минут уақытыңызды алатындығын түсініңіз. Ойыңызда “мен қазір 5 минутта осы істі жасап тастасам, алаңсыз жүре беремін” деген сияқты ой қалыптастырыңыз. Сол кезде осы бір қарапайым істерді жасауға ерінбейтін боласыз.

2-әдіс:

Күн сайын 1 сағатыңызды үйді ретке келтіруге арнаңыз.

1 сағат уақыт сіздің күніңіздің тек қана 4% алады. Күн сайын үй жинауға тек 1 сағат уақыт бөлсеңіз едәуір өзгерістерді байқауға болады. 1 сағат уақыт ішінде көзге көрінетін нәрселерді және жуынатын бөлмені( санузел) жинауға арнаңыз.

3-әдіс:

Әр затты қолданып болғаннан кейін орнына қою.

Өзіңізге кішігірім эксперимент ретінде қолданып көріңіз. 1 апта бойы әр затты қолданып болғаннан кейін орнына апарып қоясыз. Шынында да, жақсы нәтиже көре бастайсыз. Және тек қана нәтиже емес, өзіңіз үшін пайдалы әдет қалыптастырасыз.

4-әдіс:

Отбасыңызда тазалыққа байланысты ереже құрып, соны ұстануға тырысу.

Мысалы: тамақ ішіп болғаннан кейін, әр адам өз ыдысын жуу керек немесе әр адам өзінің киім сөресін тазалықта ұстауы керек деген сияқты ережелер. Бұл да өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Сонымен қатар бірге үй жинау қызық әрі, пайдалы

5-әдіс:

Күн сайын терезені ашып, үйдің ауасын тазарту.

Ең біріншіден, үйдегі ауаны тазарту адамның денсаулығына әсерін тигізеді.
Ауа тазарған кезде көптеген жағымсыз иістер кетеді. Ал үйдегі таза ауа иісі адамға жақсы көңіл күй сыйлайды.


Осы әдістерді қолдана отырып үйдегі тазалық пен комфортты сақтауға болады.