жеке
блог

Сұраймын, жауабыңыз болса...

Көңіліме бір сұрақ ұяласа, біледі-ау деген кісілерден сұрауға қысылмаймын. Көп адамдардан сұрай беремін, жауаптарды салыстырып. Соңғы күндері мына бір жәйттің сұрағы мазалап жүр, айтайын:

Қашанда дастарханға қойылған үлкен асты қадір тұтып, киесін айтып, аталарымыз һәм ер ағаларымыз, болмаса шынашақтай болса да балаларға бата қайыртып, баталы сөзіне алғыстарын айтып жатады жұртымыз. Күні кеше көп емеспіз, аз ғана кісілермен дастархан басында жиналдық. Қазы-қартасы, жал-жаясы жайылған ет тартылған соң, батаны күттік үлкеннің аузынан. Бір кезде "тұра тұрыңдар, мен бата берейин"- деп бір апатайымыз соғып қалды. Алпыстың асқарындағы ағамыз да, апсадай өзімен жасты еріміз де аң-таң. Түсінемін, тілі мен жағына сүйенген, салмақты батасы болса, айтсын. Қазақша екі сөздің басын құрай алмай, шатып-пұтып отырған ол кісі мені кәдімгідей таңқалдырды. Түсінемін, үйінде берсін батасын, ер адам болмаса берсін. Ал, ата сақалы аузына түскен ерлерді құрмет тұтып, қол жаймағаны басынғандық болар.  "Әке тұрып, ұл сөйленгеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без" дегеннен аспайтын ұрпақпыз ғой, о заманнан. Содан бері біраз адамдадан сұрадым. Сондағы отырған ағайлардан да сұрадым, кешегі бата бергені дұрыс па екендігін. "Жоқ" бәрінің айтары. "Неге, жөнін айтпайсыздар сол кезде" деп өзімнен-өзім шырылдап қоямын.( Нем бар ии, құрсыншы).

Біреуден сұрасам, "Қожаның (елі) әйелдері бата бере береді" дейді. Тағы аң-таңмын. Қазбалап сұрай бастап едім, мардымды жауап ала алмадым. Негізі мен ел, руға онша мән бермеймін. Кейбіреулер құсап, еліміз бір туысқанмын деп жабыса да бермеймін. Көп мән бере бермеймін. Бір досыммен сөйлесіп отырғанда:"руы кім болса, ол болсын, қазақ болса болды да" деп жауап бергенім бар. Қазіргі ойым, Қожалардың басқадан қандай артықшылығы бар? Білмегенім ұятты болса да, сұрамасам санада маза жоқ. 

Тағы бір сұрақ "Еркек тұрып, әйел сөйлегеннен без" деген мәтел ма, мақал ма, бірдеңе жоқ па?) Меніңше бар сияқты, сол кісінің баса көктеп бата бергені ойымды сан-саққа жіберді. Бірақ, кей жақтарда әйел бата қайыратын үрдіс болуы да бек мүмкін.

Сонымен сұрайын, Сіздер қалай ойлайсыздар, қазағымның қалың ойлы оқырмандары-ау, үн қосыңызшы! 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда