Қыздардың көлік жүргізуіне қарсы емеспін!!!

Қыздардың көлік жүргізуіне қарсы емеспін!!!
жеке
блог

Қазіргі таңда бойжеткендер мен әйел адамдар автокөлік мініп, темір тұлпармен зулап жүр. Оған тіпті үйреніп кеттік десек те болады. Мүмкін, бұл – қазақ қыздарының ертеректе тұлпардың тізгінін ұстап, атқа шапқан өнерінен жеткен қасиет болар. Өсіп келе жатырған әрбір қыз бала көлік мінуді армандайтынын, тіпті оны мақсат етіп жүретіндерін жиі естиміз. Және қыздарымыз үшін «Дамский машиналардың» түрі бар. Өздерінің қалаған көліктерін жүргізіп, күнделікті тіршілігін ешкімге артпай-ақ атқарып жүре береді. 

Өз басым қыздардың көлік жүргізуіне қарсы емеспін, себебі санақ көрсеткіші бойынша нәзік жандардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар бөріктілермен салыстырғанда аз тіркелген. Тәжірибеде көрсеткендей, қыз бала жылдамдықты арттырмайды, болмашы нәрсені ақылға салып, жол үстінде ақырын жүріп, анық басады. Бір ғана қорқатыным, автокөліктегі әдемі әйелге аузын ашқан жүргізуші ер-азаматтар соқтығысып қалмаса болғаны.Сонымен қатар, қазіргі заманда әйел адам мен ер адамның құқығы тең. Әйелдер көлік жүргізіп, қоғамға да, отбасына да көмегін тигізіп жүрсе, жақсы емес пе? 

Активно қыз іздеп жүрмін. Әлі нәтижесіз болып отыр. Ой, тамақты да, кірді де өзім жуамын десемде көнер емес, "ауылбайский" деп бетіме баса береді, енді басқа тәсіл қолданып көрмекшімін. Алғашқы болған қызыма көлік жүргізуді үйретіп, автокөлік сатып алып берсем бе деймін! Так что ҚЫЗДАР....?