Седеф Авджи «Өткеннің жаңғырығы» атты телехикаяда!

Седеф Авджи «Өткеннің жаңғырығы» атты телехикаяда!
жеке
блог

Cельчук Йонтем, Озгюр Джевик, Берк Хакман, Бонсук Йылмаз … - осындай жұлдыздар телетоптаманы орасан зор табыспен қамтамасыз етті. Басты рөлдердің бірін сомдаушы қазақстандықтарға "Күзгі жапырақтар" телетоптамасынан таныс түрік актрисасы Седеф Авджи.

Седеф Авджи 1978 жылы дүниеге келген. Қызмет баспалдағын модельдік бизнесте бастаған, содан кейін жас сұлуды телетопталмалардың белгілі режиссерлері байқап, оны байқауларға шақырған. Седефке атақтылықты  Кыванч Татлытугпен бірге ойнаған "Менекше мен Халиль" топтамасындағы рөл алып келді.  Артынан одан да жақсы, есте қалатын "Эзель" топтамасындағы рөлі болды.  "Күзгі жапырақтар" телетоптамасында Седеф Джемнің апайының рөлін сомдады. Айтпақшы, Седеф Авджи "Күзгі жапырақтар" телетоптамасындағы, дәл сол Джемды сомдаған актер Кыванч Касабалымен тұрмыс құрған. Осылай, қадам басқан сайын Седеф Авджиге атақтылық пен белгілі актрисаның сәнділігі мен қайталанбас шығыс сұлулығынан шаршамайтын көрерменнің махаббаты келген. Сәнді баспасөздердің бәрі «Седеф ғажайып және және көрікті!» – деп жазады. Сонымен қатар, Кыванч Касабалы мен Седеф Авджиді көрсеткіштер бойынша, Түркияның ең әдемі жұлдызды жұбы деп санайды!

Екеуі 2001 жылы танысып, 2005 жылы үйлену тойларын жасады...Кыванч Касабалының айтуы бойынша, олар өте бақытты және ол өзінің сүйікті жұбайының барлық тілектерін қуана орындайды. Тіпті, саржағал баспасөзде Кыванч жұбайының өтінішімен Стамбулдағы 30 жыл бойы тұрған Dzhihangir ауданын, тыныш және жайлы жерге ауыстырыпты деген де сөз бар. Ал, Седеф болса бірге тұрған 10 жыл ішінде бір-бірін барлық жағдайда түсінуді үйренгендерін мойындайды! Арамыздағы қарым-қатынастардың келістілігі мен тұтастылығы сондай, кейде бізді ағасы мен қарындасы деп ойлайды, дейді Седеф. Жұлдызды жұптың Оскарлары бар, Седеф өзінің сүйікті Алтын ретривер тектес итін осылай атаған екен...
Жақында берген бір сұхбатында Седеф Авджи жағымды кейіпкерлерді сомдаудан жалыққанын айтты: "Қаскүнем әйелдің рөлін сомдап көргім келеді, содан не шығатыны өзім үшін де қызық.." Седефтің арманы орындалады деп сенеміз. Ал, әзірше "Өткеннің жаңғырығы" атты телетоптамадағы жарық, есте қаларлық Мюжган рөлінде тамашалайық!