№2. 150 күндік бостандық немесе келін болуға дайындалып жатырмын)

№2. 150 күндік бостандық немесе келін болуға дайындалып жатырмын)
жеке
блог

Тұрмысқа шығар алдында міндетті түрде сымбатты ретке келтіру керек деп шештім.

         Сонымен, бүгінннен бастап диетаға отырам және аздаған жаттығуларды іске қосам. Интернеті ақтара бастадым. Алдымен өзім қолданып жүрген массагеттің сымбат бөлігінде берілген диеталар мен диета ұстаудағы қателерді қарап шықтым. Сонан кейін өзім бұрыннан бақылап жүретін блоггер Айжанның блогына да көз жүгіртіп шықтым. Бастысы бағытты дұрыстап алуым керек қой және қателіктерді аз жіберуім керек. Өзіме келеді ау деген диета түрімен, жаттығу түрін белгілеп алдым.

Мен ұстайтын диета: 1% 1 литр сүт немесе айран одан төмен проценттегі өнім болса да жарайды. Қосымша күніне бір котлет немесе 100 гр ет. Шай мен кофе қалаған уақытымда. Арасында асылған жұмыртқа бір-екі талын және аздаған салат майонезсіз жеп тұруға болады. Кешке алма немесе алмұрттың 1 талы.


Бастысы бүгінгі салмағымды жазып қою керек, апта соңында өзгерісті салыстырып қанша азайғанын жазып отырам.

Жаттығу залына баруға дәл қазір менде қаражатта уақытта жоқ. Сондықтан жаттығу залына бару келесі айдың жоспарына кіргізіп отырмын. Поварлық курсты қаңтар айына қойып, алдыңғы екі айда спорт залға баруым керек. Қаражатты экономдап жұмсауым керек, әлі жасаудың да заттарын алуым керек.

Диетама көмек ретінде ең оңай жаттығу түрін таңдадым. 15 минут скакалка секірем және 15 минут қатты билеймін. Так, билейтін музыканың списогын жасап қоюуым керек!


Алдыңғы жазбамды мына сілтеме арқылы көре аласыз. Суреттер гугулдан алынды.