Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сағыныш

Сағыныш

Сағыныш

      Шіркін, балалық шақ - бал дәуренім-ай... Асыр салып, көбелек қуып, дала кезіп жүруші едім. Мектеп қабырғасында жүргенде, қаланың у-шуынан жалығып, кезекті демалысты асыға күтетінмін. Отбасында үш ұлдың ортасында өскен жалғыз қыз бала болғандықтан өте ерке едім. Әкем менің айтқанымды екі етпейтін. Әр тоқсан сайын киімдерімді жинап, ауылға аттанатынмын. Неге екенін білмеймін, «ауыл» десе, асығып туратынмын. Шіркін, таза ауа, кең аула, жеміс ағаштарына толы үлкен бау. Түн ортасына дейін ойын ойнап, баудан қалаған жемісімді жұлып жеп жүре беруші едік. Әкемнің еркетайы болғандықтан, атам мен әжем менің орынсыз қылықтарыма көз жұма қарайтын. Ауылдағы қара шаңыраққа мен секілді туыстарымның балалары да қыдырып келуші еді. Әкемдер отбасында он ағайынды. Атам мен әжемнің он ұл-қызынан 42 немересі бар. Демалыста әр үйден екі-үш баладан ауылдағы қара шаңыраққа аттанатынбыз. Бәріміз тай-құлындай тебісіп, жасырынбақ ойнап, скакалкамен секіріп, доп қуалап ауылдағы уйдің астаң-кестеңін шығарып қайтатын едік. Жасырынбақ ойнар сәтте міндетті түрде «Алма кетті домалап, көше бойын аралап....» деп санамақ жүргізетінбіз. Түнде ұйықтар сәтте ұлдар жағы атаның, қыздар болса, әженің қасына жатуға таласып, кейбіріміз жылап та алатынбыз. Әжемнің қызықтыра айтатын ертегілері әлі есімде. Күн сайын ертегі тыңдап жатып, тәтті ұйқыға бататынбыз. Жаздыгүні есік алдындағы сәкіге қаз-қатарынан төсек салып, аспандағы жұлдыздарға қарап, арман жетегіне еріп қиялға берілетінбіз. Сонда әр бала өзінше армандайды. Бірі - әскери қызметкер, бірі - заң қызметкері, енді бірі дәрігер болуды армандап, болашақтарын бақытпен ұштастырып, айтып жатады. Ал мен «журналист» боламын дейтінмін. Қазір ойлап қарасам, сол кешегі бір үйде шүйіркелесіп жүрген бауырларым бүгінде есейіп, өз армандарын іске асырған есті азамат болыпты.

    Жазда, түскі уақытта үйдегілер ұйықтады-ау дегенде,  аяқ тысырымызды білдірмей, үйден  шығып, ауыл іргесіндегі өзенге шомылып қайтатынбыз. Бала күнде өзімізді еш нарседен қорықпайтын, батыр сезінетінбіз. Өзен жағасында жүріп, су жыландар мен бақаларды қуып жүретінбіз. Олардың бақылдаған даусын естігенде мәз болатынбыз. Инелік пен көбелектің нағыз жауы мен едім. Гүлге қонып тұрған жерінен шап беріп ұстап алып, банкаға салып өзімше жинайтынмын. Одан қала берді, кешкісін өрістен сиыр күтіп алуға таласушы едік. Себебі сиыр келместен алдын ауылдағы балалар жиналып, өріс маңында әр түрлі ойын ойнайтынбыз. Ал қыстыгүні есік алдына аққала соғудан жарысып, мұрнының орнына жеңгемнің тамаққа қосатын сәбізін ұрлап, жапсырып қоятынбыз. Қардың үйіндісінен сырғанақ жасаймыз деп салқын су құйып, талай рет есік алдын көк мұзға айналдырдық. Балалықпен істеген шала қылықтарымызға ата-әжеміз еш ренжімейтін. Тізіп айта берсем, бала күнгі қызықтарым таусылар емес...

    Әттең, сол күндер қайта оралар ма екен?! Көңіліміз тоқ, уайымымыз жоқ бал шақтар-ай десеңші... Қазір күйбең тірліктен шаршаған сәттерде ауылға барып, қайтадан бала болып асыр салып жүрсем ғой деп армандаймын. Сағымға айналған сол күндердің оралмайтыны өкінішті-ақ... Тек сағынышпен еске алғаннан басқа...

 

19144 6
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 17 қаңтар 2012, 19:13
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2012, 21:40

Қазақ балаларының өмірлері бір-бірлеріне ұқсайтын сияқты.. ))

+0
18 қаңтар 2012, 01:39

дәл айтасың....) бірдей сияқты.... қызығып кеттім )

+0
17 қаңтар 2012, 22:28

шіркіііін балалық шақ )))

+0
18 қаңтар 2012, 09:01

Беу, балалық, келсеңші маған оралып))

+0
18 қаңтар 2012, 13:59

Балалықты өрнектеп, әсерлеп, әдемі суреттепсіз! Плүс!

+0
18 қаңтар 2012, 18:09

Біздің ең бақытты кезіміз, балалық шағымыз ғой. ол күндердің оралмайтыны өкіншіті.....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев