Қыз бен жігіттің арасында достық болама?

Қыз бен жігіттің арасында достық болама?
жеке
блог

Армысыздар жамағат! Мен өзімнің ойымда жүрген бір сұрақпен бөліссем деп едім. Қыз бен жігіттің арасында достық болама деген. Әрине бұл жайт кімді болсада ойландыратыны рас. Достар жігіт және қыз болады.Сіздер қалай ойлайсыздар қызбен жігіт дос бола алама? Көпшіліктің ойынша достық болмайды деп ойлайды алайда әркімнің өз ойы бар, бірақ қыз бен жігіт дос бола алады алайда ол достық ұзаққа бармайды. Досым деп оған бар сырыңды айтып сен оның жүрегін қалай жаулап алғаныңды білмей қаласың. Сол себепті досым деп сырымызды айта бермеген жөн деп ойлаймын. Дегенмен, "достықтан басталған махаббат ұзақ ғұмыр өмір сүреді " - дейді дана халқым.

 

Егер қыз бен жігіт дос болса оның аяғы міндетті түрде махаббатқа ұласады

деп жатады, бірақ  барлығы адамның өзіне байланысты. Достық болғанның өзінде ең болмағанда жігіт қызды ұнатады, я болмаса қыз жігітті ұнатады. Жалпы дос болған дұрыс, бірақ тым жақын болмаған жақсы!

 

Бұл жағдай менің де басымнан өтіп жатыр, менің бір жақын досым бар алайда ол менен 2-жас кіші. Мен сонда да оны ұнатып қалған сияқтымын! Менің бір досым жігітпен қыздың арасындағы достық уақыт өте келе махаббатқа ұласады деген болатын. Мен оған мән берми жақын араласып жүре бердім. Кім біледі мененде кінә бар шығар алайда, досыңды жақсы көру  оны көрген сайын қиын болады. Не істеуге болатынын білмеймін?

 

Ал сіздер қалай ойлайсыздар және маған ақыл қоссаңыздар!!!