Зұлмат: Қазақ даласындағы аштық жылдарға шолу.

Зұлмат: Қазақ даласындағы аштық жылдарға шолу.
жеке
блог

1931-1933 жылдары қазақ даласы ашаршылыққа ұшырады. Бұл оқиға тарихымыздағы ең қасіретті оқиғалардың бірі болып табылады. Бұл Кеңес Үкіметінің қазақ халқын жойып жіберу мақсатында ұйымдастырған ашаршылығы.

Ең басты сұрақ — 1931-1933 жылдардағы ашаршылық неліктен, қандай себептерге байланысты орын алды?

Әрине, бұл кезең Голощекин мен Сталин атты тұлғалармен байланысты екендігі біздерге мәлім. 1927 жылы Бүкілодақтық большевиктер партиясының
XV съезі өткен болатын. Бұл съезде ауыл шаруашылықты ұжымдастыру туралы шешім қабылданып, 1928 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Алайда, Голощекин ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген шешімге келіп, “Кіші Қазан” идеясын ұсынды.

Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Бұл, әрине
көп жағдайда күштеу, корқыту, жазықсыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Сонымен қатар, егіншілік көлемі күрт азайды, мал шаруашылығы үлкен зардаптарға ұшырады. Бұған Голощекин мән бермеді де.

Ашаршылық жылдарында 6,2 миллион қазақ халқынан тек 2,1 миллионы қалды. Оның 1,5 миллионы көз жұмып, ал 600 мыңға жуығы қазақ елін тастап, көшіп кетті. Осы жағдайдың бәрің көзімен көріп, жүрегімен сезген Алаш зиялылары да өзгеше пікірлерін білдіргендіктері үшін қамауға алынып, әртүрлі жазаларға тартылды.

Иә, ашаршылық қазақ халқына үлкен әсер етті. Голощекиннің “Кіші Қазан” идеясы қазақ халқының демографиясына әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Қаншама халық қырылды. Егін шаруашылығы да, мал шаруашылығы да қатты зардап шекті. Дегенмен қазақ халқы берілмей, өз егемендігін алып шықты. Бұның бәрі естен кетпейтін, ұмытылмас оқиға!