Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Көңіл күнделігі. 7-ші жазба.

Көңіл күнделігі. 7-ші жазба.

Көңіл күнделігі. 7-ші жазба.

Есеп білмесең есең кетеді, есең кетсе еңсең кетеді. Халық даналығы.

 

Еңбек демалысына шығардың алдында «Есеп беруге» міндетті болғандықтан күні бойғы жұмысым сонымен өтті. Күн ілгері әзір болсам да «Қалай болар екен?» деумен сипақтап жүріп қалғаным. Мекеме – ішінара қызметке, қызмет бөлімдерге жіктелетіндіктен Менің «Есебім» бөлім атынан қызмет бастығына берілуі тиіс. Сипақтап жүргенімнің мәнісі – бастық мінезінің мыңқұбылғыштығы: кейде көл, кейде шөл, ал кейде көл мен шөлдегі елес сағым болып тұрса да таңқала қоюдың қажеті жоқ. Менің уақытым жұмыс барысына берілер есептен гөрі, болуы ықтимал ситуациялық жағдайларды пысықтаумен өткізілгені жасырын емес. Мұндайда менің ұстанатын басты қағидатым: «Қойшы болсаң бөркіңмен ақылдас!». Оның мәнісі былай: қазақтың, ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығымен байланысты болып, көшпенді өмір салтын құрағаны, қалыптастырғаны әмбеге аян. Табиғаттың тосын құбылысы, өмірдің беймәлім қырларымен бетпе-бет келгенде олар іштей ойға шомып, ситуациядан шығу жолдарын бөркімен айтыса отырып талқылаған, шешім қабылдаған. Табиғат құбылыстарының тылсым сырларын танып білу қазақтардың бойына даналық қасиеттерін қалыптастырып қана қоймай, әлемдегі ең – қаны һәм жаны таза, ең асыл текті, ең асыл тұқымды халық дәрежесіне жеткізе білді. Міне, біздің ата-бабаларымыз, біздің қазақ осындай халық болған. Қасиеттілігі үшін ата-баба рухын қастерлеп, тағзым ете жүргеніміз орынды болар еді. Қойшылардың бөркін таяққа шаншып айтысуы кейіннен мықты ақын-жыраулар мен би-шешендерді, бертінірек академик Мұқтарбай Өтелбайұлы Өтелбаев сынды әлемдік математика корифейлерін дүниеге әкелді. Егерде, айтыс үстінде бөркінен жеңілсе аса бір тәуекелге бармай, амалына қарай әрекет еткен екен. Билердің қарсы дауды сатып алу дәстүрі де осы кезеңдерден бастау алған сыңайлы. Қарама-қарсы жағдаяттарды ойша саралау, сараптан өткізу процесі қойшы, малшылардың өте мықты математик, өте мықты программист болғанына шәк келтірмейді.

Сонымен не керек, ұрысқа әзірленген сарбаздарша сақадай-сай әзір тұрдым. Дегенмен, ісімді сынатып алғанды жөн көріп жанымдағы Ж. ағаға ойымды жеткіздім. Ол кісі өте білімді, терең ойлайтын, кең пішілген азамат қой, жазбаша есебіме көз жүгіртіп шықты да бірнеше сауалдар қойды. Көңілі толса керек, әлдебір орталықтың салалас жігіттерімен байланысқа шықты. Істі пысықтау, нәтиженің толымдылығына көз жеткізу үшін оларға жедел осында келіп-кетулерін өтінуді де ұмытпады. Шақырылған жігіттер 30-минуттың көлемінде кабинетте болып, іс барысымен танысуды жедел бастап жіберді. Тоқ етері бәрі дұрыс болып шықты! Жаныңда осындай – бар білгенін, қолынан келгенін аямайтын көпті көрген ағаларыңның болғаны қандай ғанибет. Әжептәуір арқаланып, көңілім жайланып қалды.

Рахметімді жаудырып болған соң маңғазданып жоғарыға, бастығымның кабинетіне барсам орнында жоқ екен. Ой, мұндай балаша қуанбаспын! Келдім бе келдім, жоқ па жоқ! Зу, етіп қайта өз кабинетіме келдім де Massaget.kz – ті іске қосып жібердім. Қарасам, Илхам Ибрагимнің «қысылу» диагнозы дау тудырып жатыр екен. Ибрагим мырза өзі қойған мәселенің мәнісі неде екенін аңғара алмай тұрған тәрізді. Оның шешімі ойын нөлге теңестіріп, жазғандарын кері бағытта оқыса табылып қалады...

Біршама уақыт оздырып бастығыма қайта барсам, әдеттегідей ысқырып қарсы алды. «Тапсырма неге кешіктірілді?» деген тәрізді адамды мезі ететін әдеттегі тым ресми сауалдар бірін-бірі жоқтатпай тізбектеліп өтіп жатыр. Жауап: Иә & Жоқ! Жазған басым «бас шұлғумен» бәйек боп мен тұрмын. Маған, қайткенде де «Есепті» өткізу керек. Жұмыстарымды қарап-қарап тұрып, бір кезде жібімейтін тас жүрегі елжіреп кеткені. Сұрақ-жауаптың арты пікірталасқа, пікірталас әріптестік қатынасқа, әріптестік сырлас дос-жаранға айналдырғаны сонша, соңғы жағында кәдімгідей ескерту, нұсқау беріп – «бастыққа» айналып шыға келгенім бар емес пе?! Сонша риза болғаны – бәйек болып жақсы ниет, жақсы тілекпен шығарып салғанынан да анық аңғарылып тұрды. Бұл жобаны демалыстан қайтып келгенше ешкімнің қолына ұстатпайтынын айтып, риза көңілмен қош айтысты.

Е, «Есеп берудің» мұндай да түрі болады екен ғой деп мен қайттым...

 

Күннің нүктесі:

«Ақылдыға қосылсаң бақытты боп өтесің,

Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің.

Туыс досқа пейіліңмен берсең мәзір асыңды –

Олар сені құрметтеп сыйлап өтер басыңды». Ж. Баласағұн, «Құтты білік». 

10
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 21 қыркүйек 2012, 14:49
Тегтер: күнделік

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.