Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Саусақтарынан сүйдім, оянбады...

Саусақтарынан сүйдім, оянбады...

Саусақтарынан сүйдім, оянбады...

Білесіз бе, бұл апта мен үшін өте қиын болды. Эфирге дайындалуы тиіс сюжеттердің бірін Аралдан түсіріп келгенмін. /Қызылорда облысы, жолы жаман/ сол сюжетті жаза алмай бір апта жүрдім, видеоны ашамын...қарап шығамын...жауып тастаймын. Текстті бастаймын, ойым бөлініп кете береді. Салдарынан басқа материалдарды да жазбаймын. Тек соны бітіріп тастау керек болды. Бұрын біздің шеф "тақырыппен жатып шығыңдар, жақсы туылады" деуші еді. Ал мына тақырыппен жатпайын десем де жатамын, түсіме кіреді... Баласынан айрылған ана оқиғасы. Былтыр елде гу-гу сөз болған оқиға. Тұңғышын мектеп ауласында сыныптастары ұрып өлтіріп тастағанын естіген боларсыз. Аралға келсеңдер үйге соғып кетіңдер деп шақырған болатын. Барған соң, кіріп шығайық, жағдайы қалай деп соқтым. Оқиғаның немен аяқталып, қандай дауға ұласып жатқанын сюежттен көрерсіз сәтін салса. Ал менің көз алдымнан жылап, мұңын айтқан ананың келбеті кетер емес. Ана жүрегінің езілгенін көргенде...қатты қиналады екенсің. әлі құлағымда сайрап түр. "Саусақтарын сүйдім. оянбайды, су бердім дым да ішпейді, құлағына сыбырлаймын, оянбайды...Мұздай болып жатты да кетті..." Перзентінің қазасын көрген жаман екен ана үшін. Осы оқиға түсіме де жиі кіреді. Анама айтып жатырмын, менің өлгенімді көрмеші деп... Тағы ойлап қоямын, ал мен анамның.... жо-жоқ ойлағым да келмейді... Мен өлімнен қатты қорқады екенмін. Жарайды Аналарымыз да, балаларымыз да аман болсын. http://www.youtube.com/watch?v=VEgDtbqtYVE&feature=plcp

1748 11
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 20 қыркүйек 2012, 21:22
Тегтер: Арал, ілмек, нысана, жетінші арна, қызылорда
Пікірлер
+0
20 қыркүйек 2012, 21:43

Осынша толғаныстан кейін сюжетті міндетті түрде көру керек болып тұр)

+0
02 қазан 2012, 16:36

http://www.youtube.com/watch?v=tDp4rl2aOD8&feature=plcp

+0
20 қыркүйек 2012, 21:53

Шынымен, сюжет адамды жылататын сияқты. Қазірдің өзінде аяп отырмын ананы.

+0
02 қазан 2012, 16:36

http://www.youtube.com/watch?v=tDp4rl2aOD8&feature=plcp

+0
20 қыркүйек 2012, 23:30

Асхат сондай өнерлі бала еді. Аралдықтардың жүрегінде ғана қалғаны өкінішті, :(

+0
21 қыркүйек 2012, 00:55

денем түршікті!

+0
21 қыркүйек 2012, 09:39

"Ең жаманы, балаңды өзің арулап көмгенің" деп айтқан өткенде жұмыстағы бір апайым. Жақында ол кісі қызынан айырылды. Ана жанын түсінуге болады. Ал кінәлілер жазаланса жақсы болар еді. Шындық ашыла ма, жоқ па, бір құдай біледі.

+0
21 қыркүйек 2012, 12:26

Өліміне себепші болғандар жазасын өтеуде. Олар да мектеп оқушылары еді, бірақ оқушы екендеріне қарамады,

+0
21 қыркүйек 2012, 13:06

Дұрыс болған екен. Қолмен істегенде мойынмен көтеру керек қой. Қалай болғанда да өлген қайта тірілмес

+0
22 қыркүйек 2012, 17:26

Осы сюжетті көріп отырмын. Анасының: "Жан ботам-ау" деген сөзі сүйегіңнен өтеді екен :cry:

+0
02 қазан 2012, 16:37

http://www.youtube.com/watch?v=tDp4rl2aOD8&feature=plcp

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...