Қазіргі заманның зардабы – ұялы телефон

Қазіргі заманның зардабы – ұялы телефон
жеке
блог

Қазіргі таңның ең ауқымды әрі сұранысқа ие заттарының бірі ұялы телефон болып табылады. Неге? 

Себебі барлық мәселелер мен шешімдерді орнында тұрған жерде шешіп тастауға болады.  Бұл уақытты үнемдеудің ең тиімді жолы болып табылады.  Ал уақыт біздің өміріміздің алтын қазынасы, бағалысы болады. Алайда уақытты үнемдейміз деп шығындалып жататынымыз тағы бар. Өйткені азғантай  бос уақытты қызықты қылып өткіземіз деп сол телефонның ішіне қалай кіріп кеткенімізді өзіміз байқамай қалып жатамыз. Бұл телефонға тәуелділіктің басты белгілері болып табылады. Солай бірте бірте телефонға қалай тәуелді болып қалғанымызды білмей қаламыз. Ал бұл біздің ойлау жүйемізді шаршатып, жалқаулыққа ұйқышылдыққа әкеліп соғып жатады. Бұл өскелең ұрпаққа және бізге үлкен қауіп төндіретіндігі анық! Сондықтанда ұялы телефонды мейлінше қажетті, пайдалы дүниелерге жаратайық!