Эссе. Өз қалаңды дамыту

Эссе. Өз қалаңды дамыту
жеке
блог

       Жастар - елдің болашағы. Ата-бабамыздан мұра болып қалған әдет-ғұрыпты, тарихты сондай-ақ тіліміз бен білім, ғылымды жоғарыға өрлететін осы келешек ұрпақ. Болашағымыздың жарқын болып еліміздің көркейіп дамуына жастарымыздың үлесі зор. Сондықтан олардың білімді, өнерлі, жан-жақты болғанын, сонымен қатар рухани мәдениетті болып өз еліміздің құндылықтарын қадірлей білулері де өте маңызды.

        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті бір жолдауларында «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса- ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот болып келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады»,- деген. Расында елбасымыз айтқандай әрбір жастар өз елі үшін, жері үшін талмай еңбектеніп оның әр қаласының гүлденуі мен көркеюіне үлесін тигізіп, мемлекетіміздің құлпыруына ат салысып Отаны үшін қызмет етуі тиіс. Себебі бұл дүниенің бәрі жастар үшін өзіндік атқаратын міндеті мен парызы болмақ. Сонда ғана өз еліміздің биіктерден көрінуіне жоғарғы белестерді бағындыруына себепші болары белгілі.

        Біз- Қазақстан Республикасының болашақтан үміт күттірер жастарымыз. Ондағы қаншама қалаларда өмір сүрудеміз. Мемлекетіміздің ауыз толтырып айтарлықтай небір сұлу да әсем керемет қалалары мен өңірлері жетерлік. Сол қалаларда әрқайсысымыз дүниеге келіп, ержетіп, білім алып үлкен азамат болып өсудеміз. Өз қаламыздың келешегі кемел, тұғыры биік үміт артар жастарымыз. Сол атқа лайық болу үшін ең алдымен  толықтай білім алып, талмай еңбектеніп жоғары санатты ғылым мен білімді игеріп, көптеген қоғамдық істерге ат салысып ең алдымен мемлекетіміздің содан соң өз қаламыздың көркеюіне қызмет етуіміз керек. Өйткені бұл, әрбір азаматтық борыш жастар үшін үлкен жауапкершілік болып саналады.

        Жалпы қаламыздың дамуы үшін атқару керек көптеген әрекеттер жасауға болады. Мәселен, қаланың табиғаты мен қоршаған ортасының таза болуы үшін көптеген эко-жүйелерде қызмет атқарып, эко-кеңселер арқылы табиғатымыздың ластанбай одан әрі таза қалпында тұруы үшін осы секілді пайдалы әрі халыққа үлгі болар жұмыстар атқаруға болады. Және де оларды қала тұрғындарының әрқайсысына үндеу ретінде жақсы іске шақыруымыз керек. Сондай-ақ мәдениетіміз бен қала ішіндегі тәртіп әлсіремес үшін барша халықты тәрбие мен мәдениеттілікке баулып, рухани таза игі істер жасап, түрлі мәдени орта мен кешендердегі өзіндік әдептілікті қалыптастырып халықтың бір-біріне деген сыйластығын қарым-қатынасын жақсарту жолдарына да үлес қосуға болады. Сонымен қатар қазіргі кезде көптеп дамып жатқан валантерлік жұмыстарға да өз ықпалымызды тигізу мақсатында игі істерді атқаруға да болады. Жалпылай қарапайым тілмен айтқында тағы басқа осы секілді істерді әрбір азамат өз жері үшін тұрғылықты қаласының әсем де көркем, мықты әрі биік дамыған жерлер қатарында болуы үшін кез-келген әдіс, ұтымды әрекет, игі іс жарамды. Ең бастысы өз қалаңның жақсы болуына ықпал етіп жұдырықтай жұмыла күш біріктіріп әрекет етсек, сонда ғана өз тұрғылықты жеріміздің, қаламыздың дамуына зор үлес қоса аламыз. Ал, әр қаланың керемет болып бар жағынан жағдайының жақсы болуы бұл тұтастай бір мемлекетіміз үшін үлкен бір жетістік.

        Менің айтпағым, жас болашақ ең алдымен сен өзіңді жан-жақты дамыт. Өзіңе деген үлкен жауапкершілікті сезін. Көп біл, көп ізден себебі бұл өз болашағың үшін ғана емес өз елің, өз жерің, өз қалаң мен халқың үшін маңызды болмақ.Болашақ- біздің қолымызда. Оның өрлеуіне дамуына көптеген өз үлесімізді қосуымыз керек. Бұл біздің ортақ міндетіміз болып саналады.

 

Амангелді Зейнеп Бейбітқызы

(сурет inform.kz сайтынан алынған)