Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Көңіл күнделігі. 6-шы жазба.

Көңіл күнделігі. 6-шы жазба.

Көңіл күнделігі. 6-шы жазба.

«Жігітке сейіл де сейіл, сергелдең де сейіл». Халық даналығы.

 

Бүгін порталға құрбым Айконаның «Қойын дәптері» шығып жатқан соң аттың басын ірке тұрғанды жөн көрдім. «Сөзіңді біреу сөйлесе аузың қышып бара ма?» деген бар ғой, байқастап қарасам ойы сергек талапты, санасы тың таласты жандар баршылық екен. Көріп көз, сезіп көңіл риза. Бұл да керек дүние. Қолыңдағыны салыстыру, саралау арқылы өзіңде жоқты түгендеп, барының қадір-қасиетін тереңірек ұғына түседі екенсің. Әбеке, Абзал бауырымның тілегін ескере келе «Көңіл күнделігі» жазбаларының жария үлгісіне өзгеріс, яғни санмен таңбалау дәстүрі енгізіліп отыр. Елдің пайдалануына осы әдіс, осы тәсіл қолайлы, жөн сияқты.  

Бүгін, жылдық еңбек демалысын алуға өтініш білдіріп, кадр бөліміне өткіздім: қолдар қойылды, іске тіркелді. Енді, бұған қарап біреулер балаша қуанар, мендегі сезім амалсыздың әрекеті болып отыр. Амалсыз дейтінім аса жұмысбасты болмасам да демалыс дегенді қалай бермейтіндігім. Бұған дейін, екі рет кері шегеріп, үшіншісінде дөкейдің алдынан қайттым. Сөйтіп, екі айға кері жылжыту туралы өтінішім зорға қанағаттандырылған еді. Олар: «Сіз, қызықсыз, елдер демалыс ала алмай шапқылап жүрсе...» деп бастарын шайқайды. Иә, мұндайда қызық болады.

Жарықтық, осындайда апам еске түсіп кетеді. Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі елге түскен қиыншылықтар баршаға белгілі ғой: дүние қат, тауар тапшы дегендей. Ақшаның құнсызданып, жаппай жұмыссыздық белең алған, бір нән қой бір жарты «самопал» араққа айырбасталған күндер болатын. Дүкендер тып-типыл, не сіріңке, не ұн, не қант жоқ. Сол бір қиыншылық күндерден қазақты алып шыққан, елді қайта көтерген – біздің аяулы аналарымыз, апа-әжелеріміз, асыл жар, қарындастарымыз болды. Ер азамат қарекетсіздіктен отбасы, ошақ қасында қалғанда ала дорба көтеріп базарда, шемішке сатып көшеде отырған сол кісілер, сол аяулы асыл жандар болатын. Әлі есімде, қаптағы ұн иығынан төмен түсіп, белуарына жете бергенде апама тамақ батпайтын. «Қарным ашып тұрғаны» деп терең ойға кететін. Жеңгелерім, анам бәйек болып ет асып, шәйін баптап, түрлі асыл дәмдердің ретін келтірсе де ауыз тигеннен арыға бармайтын. Жүгері, бидай қуырып, диірменге тартып күйбеңдеп қалатын. Тек үйге ағаларымыз бір қап ұнды енгізгенде ғана көңілі жадырап, терлеп-тепшіп шәйін ішер еді... Жас та болсақ осыны көзбен көріп, көңілге түйіп өстік. Сағындым – Апа, мың тағзым!!!

Осы бір әрекет пен жетекшімнің ылғи да айтатын: «Демалыс – демалыс емес. Нағыз демалыс – қандай да бір шаруаны, тірлікті бітіргеннен кейінгі алған сенің жан рахатың, ләззатың!» деген сөздері санама сіңіп қалса керек, менің де ылғи өзіме-өзім қарным ашып тұрады ғой. Ғабит Мүсіреповтың: «Өзің істемесең, өзің атқармасаң атқарылмайтын істер болады, мәселе сонда ғой» деген сөздерін ескерсек Сіздер де менің тірлігімнің мәнін ұғып қаларсыздар. Сонымен, Сіз бен Біз қалайық, қаламайық – Мен, демалысқа шықтым! Жоспарлы әрі жоспарсыз. Қызық, ә!

Күннің нүктесі: «Жақсы қартая білу де өнер» дегендей жақсы демала білген де жөн шығар.

1704 21
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 20 қыркүйек 2012, 11:00
Тегтер: күнделік
Пікірлер
+0
20 қыркүйек 2012, 11:45

Қалай болғанда да демалысыңыз ойдағыдай өтсін!

+0
20 қыркүйек 2012, 12:24

Рахмет, құрбым!

+0
20 қыркүйек 2012, 14:38

Бауырым, жалпы "нағыз қазақы табиғатыңнан" байқағаным - қазақта айтылатын "біртумалық" қасиет бар сияқты. Ондай қасиет дүниенің қай түкпірінде де қажет қасиет. Ал, "Табиғатыңды" бағалай қойғаным - алдыңғы бес жазбаң екен... Енді мынау мекемеде адал қызмет етіп, өз еркіңмен кешіктірілген "заслуженный" 24 күн еңбек демалысың алуыңмен сені құттықтайтмын..) Құттықтаймын! Себебі: еңбек демалысы деген жақсы ғой, шіркін, иә... Мүмкін жұмыста қарбалаң сәттер көп болатын шығар, мүмкін басқалай... Алайда, санаң сергек, ойың бүтін демалыста жүрген шағыңда сенің қалайда бізге әлдеқайда тың дүниелер жазып, "күніміздің нүктесін" қоятын Түйір Ойлар асататыныңа қуанып тұрғанымнан туған құттықтау менікі. Солай, демалыс Құтты болсын! ;)

+0
20 қыркүйек 2012, 17:01

Ассалаумағалейкүм, Әбеке! Құттықтау хат, ниет, пікірлеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Тым асыра бағалағаныңыз «бойыма лайық па еді?» деп ыңғайсызданып отырғаным. Түйінін өзіңіз түйіп отырған істің биігінен көрініп, сенімдеріңізді ақтай алсақ басқа мақсат жоқ бізде. Рахмет!

+0
20 қыркүйек 2012, 15:02

Демалысыныз сатти отсин. ия шынымен де бир исти тындырганнан кейинги демалыс нагыз демалыс. мугалиминиз дурыс айткан екен.

+0
20 қыркүйек 2012, 17:02

Құрбым, Ғалия! Сау-сәлематта боларсыз. Назар аударып білдірген пікір, тілектеріңіз үшін рахметімді жеткізгім келеді. Рахмет!

+0
20 қыркүйек 2012, 17:04

Байқаймын, осы Әбеке мен Биекенің достығы адам қызығарлықтай ) Көз тимесін, "болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді" деген осы ғой! :)

+0
20 қыркүйек 2012, 17:12

Әліпби тәртібі бойынша Әбеке алдымда, мен бір саты төмен ).

+0
20 қыркүйек 2012, 21:55

Алфавитте "А" тұрады басында, сумаң-сумаң етіп "Б" тұрады қасында...) деуші ек мектепте)))

+0
21 қыркүйек 2012, 11:00

Әлемдік тәжірибе, халықаралық әліпби мен транскрипцияға назар аударсақ Би-дің өз орны бары ақиқат. Бидің орны қазақ әлемінде де маңызды. Ал, алдыңғы орын әрдайым биіктікті білдіре бермесе керек. Таяқ тисе – біріншіге тиер ).

+0
21 қыркүйек 2012, 12:07

Асыл Арманын Алла қабыл Алып, Алтай мен Атыраудың Арасындағы ұлан-ғайыр Атырапты мекендеген Алаш халқы үшін - "А" әрпі қашан да Анасындай Аяулы, әкесіндей Ардақты, Ағасындай Адуынды, қарындасындай Ажарлы көрінеді...)) (десең)

+0
21 қыркүйек 2012, 12:45

Дұрыс, Әбеке, дұрыс қой, оған дау бар ма?! Тек, Атасы мен Астындағы Аты, Ауылдағы Ағайыны, Алдындағы Асы мен Аяғы, Астанадағы Аudi A6-i қалып кеткен сыңайлы ).

+0
20 қыркүйек 2012, 23:19

Сәлем бердік,Бигелді аға! Сіздің жазбаңыздағы жетекшіңіз айтқан сөздер маған ұнап қалды,сіздің рұқсатыңызсыз "қойын дәптеріме" түртіп алдым! Ұрсып жүрмессіз! :) ;) . Жоспарлы әрі жоспарсыз демалысыңыз ойдағыдай,сәтті,қызықты өтсін!

+0
21 қыркүйек 2012, 11:02

Жаным-ау, кәдеңізге жараса алсын деп берілген дүние ғой ). Ақжолтай тілегіңіз қабыл болсын! Рахмет!

+0
22 қыркүйек 2012, 10:57

"рұқсатсыз қойын дәптеріме түртіп алдым" тіркесін де рұқсатсыз түртіп алыпсың! десең иә? Жоға, ұрыспаймын ғой)))

Биекенің күнделігін ара-тұра шалып өтетінім болмаса, "оқитындай" екенін біле тұра жеңімді түре оқып кете алмай жүргенім. Бірақ, әр күні қояр нүктелеріңіз ұнайды.
Жұмыс жақтан аз-маз хабарымыз бар, енді еңбек демалысының қалай өтетіні қызық...

+0
22 қыркүйек 2012, 20:16

Құрбым, Салтанат! Сау-сәлематта боларсыз. Пікір білдірген жақсы ғой, әрине. Рахмет! Бірақ, толыққанды оқылмаған дүниеге «қалай пікір білдіреді екен?» деп таң қалып отырғаным?! Мүмкін, өмірге көзқарасыңыз да жеңіл-желпі, ат үсті болар...

+0
22 қыркүйек 2012, 21:56

Қайырлы кеш, Бигелді замандас! Саулығымды сұрап лебіз білдіргеніңізге ризамын. Өзіңіз де сау-сәлеметте боларсыз!
Бақсаңыз, мен әлі пікір білдірген жоқпын. Күнге қоятын нүктеден өзіме жаққан сөз суыртпақтасам - ол "оқымап едім, бірақ күшті" мәндес пікір емес қой! Сондай-ақ, қараша үйдің есігіндегі оюға тамсану үшін міндетті түрде төріне шығып, қымыз ішу керек емес шығар... Өмірге ат үсті қарар-ақ едім қолымнан келмейді екен. Жалпы сөзден шалуға көшсек "Оқымаған бөлігіне тиіспей, оқыған бөлігін ұнатқан менің көзқарасым ба жеңіл-желпі, әлде, әлі жазылмаған пікірдің иесіне таң қалып, "өмірге атүсті қарайды екен" деп ой қалыптастырған сіздің көзқарас па?" дер едім. Бірақ, сөзге жармаса беретін әдет мендей қылықты мен сіздей бөріктіге жараспас болар,,,

+0
21 қыркүйек 2012, 13:17

Демалыста бір серпіліп, жаңа серпін, күш-жігермен оралуыңызға тілектеспін!

+0
21 қыркүйек 2012, 15:05

Қымбатты, құрбым Аида! Сіздің шын ниеттен білдірген тілектеріңізді қабылдай отыра, шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Рахмет!

+0
21 қыркүйек 2012, 21:06

оқасы жоқ!

+0
28 қыркүйек 2012, 16:20

Мыны жазбаны оқып, пікірлерге көз жүгіртіп, көңіліме көп нәрсе түйдім. Сіздің "Көңіл күнделігіңіз" көп адамның көңілінен шығып жатқан сияқты. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев