Туған күніңмен, сүйікті смайлик!

Туған күніңмен, сүйікті смайлик!
жеке
блог

Бүгін смайликтер күні. Көңіл-күйімізді дәл білдіретін сүйікті смайликтеріміз туған күн!

Бейбітшілік таңбасы іспетті смайликтерімізді қоймай пікір, блог жазу әсте, қиын. Смайликтер тарихына үңілсек, ағылшын ғалымы Скотт Фалман :) :( секілді смайликтерімізді алғаш болып қолданды. Ал режиссёр Ингмар Бергманнің смайликтерді өз киносына қолданғаны сол еді, ол әлемге таралып, екі қара нүктесі бар сары түсті смайлик тіл жетпейтін нәрселерді дөп жеткізіп, сүйкімді көмекшімізге айналды.

Массагеткз командасы да смайликтер күнін атап өтуді жөн көрді. Смайликтеріміздің құрметіне жұмыс үстелімізге сүйікті смайликтерімізді қойып, тақтаға ілдік :)

Шығыс смайликтері де ұмыт қалмады ^_^ (Олар туралы блогшымыз Али Гофрен кеңінен жазып өткен еді) 

Кәнігі суретші болмасақ та, барынша тырысып, смайликтерімізді қолдан бояп, қолдан жасау арқылы біздің де көңіл-күйіміз көтеріліп, бір серпіліп қалдық. :) Туған күніңмен, смайлик! ))