Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қойын дәптер

Қойын дәптер

Қойын дәптер

Мейіргүлдің күнделік туралы жазбаларын оқыған да өз күнделіктерім есіме түсіп кетеді. Мектепте оқып жүргенде тұрақты күнделік жүргізетіндердің бірі мен едім. Бірақ, күнделіктерім ұзақ өмір сүрген емес ))). Дәптерім тола бастаған кезде басынан бастап оқитынмын, содан жазбаларым ұнамай қалып отқа кететін еді бәрі. Студент кезімнен «АБДИ» дүкендер желісіне жиі баратын ем, сонда ең бірінші көзім қойын дәптерлерге түсетін, алдында алғаным толмаса да жаңасын алуға құмар едім. Папама да ауылға барған сайын алып баратынмын.

Бүгін шкафымды реттейінші деп ашсам қойын дәптерлеріме көзім түсті. Студент кезінен ұстағандарым бар екен арасында. Қимай жинап қойыппын. Содан біразын ашып қарасам ішінде не жоқ дейсіз: сабақ кестесі, аттестация есептеулері, геологиядан түсіндірмелер, күнделікті ойлар, ақындардың өлеңдері, елдердің телефондары, жұмысқа байланысты анықтамалар, ескертпелер. Әр қойын дәптерімді ашқан сайын байқағаным ақынның өлеңдеріне толы екен. Өлеңдерге неге сонша құмар екем? Бәрі махаббат жайлы екен.  

Бірде бір күнделігімді ағам оқып қойғаны бар еді, мен жылап папама айтқам. Ал ол, менің күнделігімнің әр күнін жатқа айтып беріп ұялтқан еді))). 

Күнделік жазған сайын, ішімдегі қиналыстарым шығатын еді. Мамама папама айта алмаған реніштерімді жазатын ем, бала екем дейм да маған ұрысты деген сөздер көп болатын еді. Қызық, уақыт өте келе күнделігіме жазатын ойларымда өзгеріпті. Өзгермеген бір нәрсе, күнделігім әлі де ұзақ өмір сүрмейді... 

Пы.Сы. Суреттегі күнделіктер өзімдікі, шкафымда көп орын алып тұр))) 

8843 38
Рейтинг: +5

Автор: Айкона Н
Жазылған уақыты: 19 қыркүйек 2012, 09:57
Тегтер: күнделік, қойын дәптер, ішкі ойлар
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2012, 09:59

Қойын дәптерлер менде де толып жатыр. Бас-аяғы қанша екенін білмейді де екенмін

+0
19 қыркүйек 2012, 10:05

менде санамаппын. Оқу құрал сататын дүкендерге барсам бітті қойын дәптер алғым келіп тұрады))) Өзіммен қоса папама алатынымды қайтесің.

+0
19 қыркүйек 2012, 10:07

Мұншама күнделіктің иесі... Күшті!

+0
19 қыркүйек 2012, 10:19

:oops: :P

+0
19 қыркүйек 2012, 10:19

менде бiр койын даптер бар, "iшкi алемнiн сырткы алеммен болiсуi" деген

+0
19 қыркүйек 2012, 10:26

оқып көру керек екен :D

+0
19 қыркүйек 2012, 10:32

озi ешкiмге окытпайды,еще бiреудiкiн окыгысы келедi,мына кыздын палесiн кара

+0
19 қыркүйек 2012, 10:36

:lol: :lol: :lol: енді қайтем сондаймын

+0
19 қыркүйек 2012, 10:25

Күнделік демекші, әлгінде бір 11 сыныптағы күнделігімді ашып оқып отырсам, "С. мен Ж. туралы" бөлім бар екен. Сондағы С. мен Ж. кімдер еді? деп біраз бас қатырып, ақыры есіме түсіре алмадым ))) Маған анау сыртында көбелегі бар қызыл күнделігің ұнап тұр :)

+0
19 қыркүйек 2012, 10:29

Ондай адамдар көп еді ғо)))))). Сол кезде қызық болған нәрселерді ойласаң күлкің келеді иа )))))).

+0
19 қыркүйек 2012, 11:31

Менде құлыптанатын күнделік болатын. Күнде жазып жүретінмін. Бірде кішкентай сіңілім далаға алып шығып, есік алдындағы балалармен қосылып жыртып тастапты, құлып салатын жері адырап кеткен. Жылағам әбден.

+0
19 қыркүйек 2012, 11:47

сол құлыптанатын дәптерге қатты сенуші ек иа, сөйтсек оны үшкір затпен ашу ең оңай зат екен ғой)))

+0
19 қыркүйек 2012, 11:49

Менде де болған сол бәле. Құдды бір құпия бардай, соны құлыптап, одан қалса, көзге көрінбейтін жерге тығып қоятын едік. Кейін ашып, оқысам, мылжың әңгіме. Алдым да быт-шытын шығарып жыртып, лақтырып тастағанмын. Қоқыс жәшігі қалған қызығын көрді

+0
19 қыркүйек 2012, 11:40

Қойын дәптерлер менің де слабостім )))) Абдиға бара қалсам, бірден сол жердегі әдемі-әдемі қойын дәптерлерге көзім түсіп, ала беретін едім. Алдында кішкентай шкафымды ашып қалсам сондай қойын дәптер, студенттік кездердегі өлеңдер, билеттер бәрі бір қора болып толып қалыпты. Алдым да бәрін тастай салдым. Керегі жоқ дүние ғой сол. Артық қоқыс.

+0
19 қыркүйек 2012, 11:48

:lol: артық қоқыс, қазір блог бар деші )))

+0
19 қыркүйек 2012, 11:49

Блогтан бұрын реалист болып, өмірді, көзқарасты өзгерту керек. Дәптерге жылап жаза бергеннен пайда жоқ. Өзіңе сенімді арттырып, реал өмірде реализоваться ету керек. ;)

+0
19 қыркүйек 2012, 12:17

дұрыс айтасың!

+0
19 қыркүйек 2012, 11:52

менде болған емес, ішімдегінің барлығын айтып тастайтынмын, сөйлей бергенді ұнатамын

+0
19 қыркүйек 2012, 12:17

уау, күнделік толтырмаған 1- қыз :P

+0
19 қыркүйек 2012, 12:11

Койын даптерлер мендеде жиналып тур. Адемi койын даптерлер коре калсам,алмай тынышталмаймын.Барлыгы сактаулы,жыртып,лактырган емеспiн. Бiрак,мен койын даптерлерiме оз ойымды жазган емеспiн. Тек,бiр койын даптерiмнiн iшiнде кагытпа,калжын олен шумактарым жазылган. Ал калгандарында,артурлi карындаштармен салынган суреттер,окыган кiтаптарымнын,газет,журналдарымнын iшiнен унаткан даналык создер,макал-мателдер жазылган. Оз ойымды жазганды унатпаймын,озгелер окып,iшкi дуниемдi аралап,актарганын каламаймын.

+0
19 қыркүйек 2012, 12:22

уау, пайдалы қойын дәптер екен сізді.

+0
19 қыркүйек 2012, 12:49

Күнделік толтырмаған 2-қыз мына мен шығармын онда. Ешқашан жазған емеспін, бір рет бастап көргем кішкентайымда (ол кезде пәлендей ештеңе жаза алмайтын да едім, "сәлем күнделік, саған айтайын дегенім..." деп бір бет бірнәрсе жазған едім), өзім сақтай алмаған сырды қағаз қайдан сақтасын, қоя қойдым... Өлеңдерімді де дәптерге жазбаймын (қайда сақтайтыным құпия!), бірақ мен де жүрген жерімде қағаз бен қаламсаптың түр-түрін жинай жүрем, білетіндер де жүрген жерінде "Салтанатқа беру керек екен" деп жинай жүреді...

+0
19 қыркүйек 2012, 13:54

сомен, мойындаңыз қайда жазып жинайсыз )))

+0
19 қыркүйек 2012, 14:17

...артық қоқыс, қазір блог бар деші ))) ↔ «Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын».

+0
19 қыркүйек 2012, 14:33

Ол мақал адамға байланысты айтылған ғой))

+0
19 қыркүйек 2012, 15:03

Қайда жазып жинайтынымды құпия ұстармын деп едім, қолқа салған екенсіз, айтайын, тек "мына қыз жүрген бір қияли екен" деп ойламаңыздар, қуғынбай да емеспін, ырымшыл да емеспін, бар болғаны бұл үйде бетін ашпас бұрын жақсылап ойланып, Салтанаттың рұқсатын алып барып оқитын екі дүние бар: бала кезімнен жинап жүрген "Жұлдыздар отбасы" журналының тігінділері мен Мұқағалидың кітаптары. Шимайларымды Мұқағалидың кітабының арасында сақтаймын, қағазға жазып кітапқа салмаймын, кітаптың бос орындарына жазып қоямын))) ал нақты қай кітап екенін сіз сұрамаңыз, мен айтпайын))) тым болмаса ол құпия болсын)))

+0
19 қыркүйек 2012, 15:56

уау күштііі Мұқағалидың кітаптарын оқу керек :P

+0
19 қыркүйек 2012, 15:09

Мектепте оқығанда күнделікті көп жазатынмын. Кейін оқып отырсам, түкке тұрғысыз дүниелер сияқты. Қоқысқа кетті шіркін. Шалғай ауылда әдемі дайын күнделіктер қайдан болсын. Дәптердің іші-сыртын әдемілеп жазып, соны күнделік қылатынмын. :)

+0
19 қыркүйек 2012, 16:34

менде оқушы күнімде қаптап бір-біріне тігіп жасайтынмын))

+0
19 қыркүйек 2012, 15:43

Мына жазбаны оқып есіме бір жағдай түсіп кетті ғой :) енді ол қызықты өзімнің блогымнан оқып қаларсыздар жақында..))) ;)

+0
19 қыркүйек 2012, 16:32

ок, жақын арада оқимыз деп ойлаймын

+0
19 қыркүйек 2012, 17:41

Күнделік жазған емеспін. Жұртқа еліктеп бұрын бастаған ем, сол күйі ары қарай жазылмады. Күнделікті өміріңді тәптіштеп жазып отыруға ерінетінмін. Бірақ неше түрлі қойын дәптерлерім болды. Ішіне әр нәрсені түртіп алып жүретінмін. Сол үшін оларды киіз кітап деп атаушы едім.

+0
20 қыркүйек 2012, 09:55

киіз кітап әдемі естіледі екен. Қазір күнделік жазу қалды ғой, тек керекті түртіп алмасаң

+0
19 қыркүйек 2012, 22:41

Артына түсіп, әбден бәрін жазып күнделігім дейтіндей дүние болған емес. Бірде бар, бірде жоқ, өз өзімді білем, бәрібір сенбеймін... біреу оқып қоятындай...жазсам да әбден құпиялап, "әй осыны біреу оқып қояды ау" деп ойлап отыратыным бар. :D бірақ екінші жағы тағы бар, психологиялық тұрғыдан күнделік жүргізген өте дұрыс. Өйткені ол кейбір адамдардың сырлас "досы". Тіпті оны дәл сол жазғаннан кейін оқуға болмайды деген ережелері де бар екен. Қандай да бір уақыт өткен соң оқып шығу керек :)

+0
20 қыркүйек 2012, 09:57

иа дұрыс айтасыз!

+0
20 қыркүйек 2012, 17:53

.....Күнделік жазған жақсы негізі, ішіңдегіні тым болмаса жаып , болісесің... ойыңды жинақтайсың... жазу арқылы сабырға келесің... БІРААААҚ......сол ішкі , өзіңе ғана белгілі кейбір сырларды басқа адам оқып қойса ..... БЫТ-ШЫТ күйге түсесің... сол жағы қауіптірек........................

+0
20 қыркүйек 2012, 22:15

иа оқып қойса қиын...

+0
20 қыркүйек 2012, 17:53

жазып дегенім..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев