Бұл өмірде кімге оңай?

Бұл өмірде кімге оңай?
жеке
блог

Әр таңда күлімдеп оянып, жұмысқа асығатындарға өмір оңай...

Құрдастарының, құрбыларының, достарының шаттығына шын ниетімен риза бола алатындарға өмір оңай...

Алдына мақсат қойып, оған міндетті түрде жететініне сенетіндерге өмір оңай...

Сыйлағанды сыйлап, жақсылықты ешқашан ұмытпай, рақымы төгіліп тұратындарға өмір оңай...

Айналасындағы жағдайлардан, қиыншылықтардан сабақ ала отырып, алға ұмтылатындарға өмір оңай...

Өз өмірі, өз қызығушылығы, өз бақыты бар, басқа адамдардың жан дүниесіне, жеке өміріне араласпайтындарға өмір оңай...

Өзіне не керек екенін білетін және соған жетуде қажырлы еңбек ететіндерге өмір оңай...

Махаббатқа сенетіндерге, жалпы болмысы толған махаббат екеніне сенетіндерге өмір оңай...

Мемлекеттің дамуы мен елдің ынтымақтастығын сақтап тұру әр адамның қолында екенін түсініп, сондықтан аз шағым айтатындарға өмір оңай...