Ахмет – ұлт ұстазы

Ахмет – ұлт ұстазы
жеке
блог

Игиликова Ақнұр
ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті
«Кино&Медиа»
мамандығының 1 курс студенті
Жетекшісі: аға оқытушы,
куратор-эдвайзер Н.Б.Рушанова

Құрметті оқырман, бүгін мен отандық кинематографиясының бір бөлігі режиссер Мұрат Есжанның «Ахмет - ұлт ұстазы» атты телехикаясына шолу жасағым келіп тұр.

Ең әуелі неге бұл фильм, шыны керек менің осы күнге дейін көрген киноларымның ішіндегі ең әсерлісі болды. Шынайылық пенен шындықты тура жеткізген киноның бірі осы телесериал деп есептедім. Кино өз заманы мен сол кезеңдегі халық ахуалын, биліктегі

әділетсіздікті, қоғамдағы ащы шындықты шынайы суреттеген.

Телесериал Мұрат Есжанның режиссурасымен түсірілген. Сюжеті ауыр, себебі Ахметтің заманы талқыға түскен. Сол заманның қиындығы, Ахметтің ерлігі, ұлт көсемдеріне деген қысым суреттелген. Фильмнің биыл түсірілу себебіне келсек, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Ахмет жайлы фильм түсіру «Қазақстан» телеарнасының жоспарында болған. Жоспар бойынша Ахмет жайлы фильмді түсіру осы Мұрат Есжанға бұйырған болатын.

 Кино 2021 жылы түсірілген, алты сериялы тарихи-драмалық телехикая. Ендігі кезекте киноның сюжетін айта өтсем, Ахмет Байтұрсынов өмір сүрген заманды шынайы суреттеген. Мен киноны көру барысында ішіне еніп, киномен бірге сезіне алдым, киноның басты мақсаты осы деп ойлаймын. Сонымен қатар, кинода қазақ халқының қандай күйде өмір сүргені, өзге ұлтқа тәуелді болып соның боданы болғанымыз, өзіміздің тіліміз, дініміз тұрмақ «қазақ» деген ұлттың атының жойылуы үстінде тұрғаны ауқымды көрсетілген. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов дәл осы мәселеде қазақ елінің тілін қалыптастыру жолындағы ерең еңбегі жайында осы кино арқылы көбірек біле түстік. Қазақ тілінің дүниеге келуі, алғаш "Қазақ" газеттің шығу тегі бәрі, бәрі осы Ахмет Байтұрсыновтың еңбегінен туған. Бірақ сол замандағы қоғам қысымынан Ахметтің «а» деген бір әрібін айтудың өзі қаншалықты қауіпті екенін білсеңіз, нағыз ер жүрек ұлы, ғұламаларымыздың еңбегін суретеген фильмді мен жүрегім қан жылап отырып көріп шықтым. Барша Алаш қайраткерлерінің өмірін  алты бөлімді етіп шақтаған режиссер Мұрат Есжан  бір сұхбатында бұл телесериалды түсіру оңай болмағандығын жеткізген болатын: «Сол заманның тыныс тіршілігіне икемдену бізге де, актерлық құрамғада оңайға түспеді» - дейді Мұрат Есжан. 

Түсірілген сериялды көру үшін әуелі актерлық құрамға көз жүгіртуіміз керек, себебі біз киноны сол актерлер арқылы сезіне аламыз олардың рөлді шынайы жеткізуі, сөздердің анықтығы, бәрі де актерлық құрамға байланысты. Осы сәтте режиссер Мұрат Есжан өз жұмысын тиянықты алып шықты деп санаймын. Басты рөл Ахмет Байтұрсынов рөлінде бәрімізге есімі таныс Байғали Есеналиев ойнады, Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясының актерлік факультетін бітірген дарынды актер. «Дарын» мемлекеттік жастар одағы сыйлығының лауреаты. Басты рөл өте ауыр рөл, фильмнің айнасы істпеттес. Өз рөлін керемет орындағандығынан болар, мені өзіне бірден баурады, мен телесиалды аяғына дейін Ахмет үшін көрдім, маған шынайы Ахметті сездірді. Бұл актерды мен дәл осы телехикаядан соң мойындадым. Байғали Исеналиев түсірілім кезінде былай деп еді: «Маған бұл рөлді алып шығу аса оңай болмады, мен өмірде де, түсірілімде де дәл осы Ахмет образымен жүремін, себебі мен қазір жаныммен сезініп тұрған рөлден шықсам мүлдем орала алмай қаламын» - деген болатын. Жүрекпен сезініп образға кіргендіктен болар көрерменді өзіне баурап ала алды. Режиссер актерлік құрам таңдауданда еш қателеспеген, менің оған киноны көру барысында көзім жетті. Әрбір актер өз рөлін жоғары деңгейде ойнай алып, көрерменге шынайылықты жеткізе алған.

Киноны көріп болған соң өз-өзіме мынадай сұрақтар қойдым. «Қазір не көрдім?», « Не үшін көрдім?», «Не маңызы, не пайдасы бар?». Шынымен мен не көрдім, мен шынайы талант көрдім кинодан, тарихты білдім, біздің тіліміздің, рухани құндылықтарымыздың қалыптасуын көрдім. Киноны бір сөзбен, «Шедевр» деп бағаласам артық етпес. Ахмет- ұлттың ұстазы. Қазақтың аңыз адамы. Қазақ тілінің негізін қалаған ғалым. Қаншама оқулық пен еңбектер қалдырған. Телехикая адамды еш шаршатпайды, көрсең әрі қарай көре бергің келетіндей-ақ сонымен қатар әр бөлімі 52-53 минуттан аспай қысқа нұсқа алты бөлімге шақталған, тек соңғы бөлімі яғни алтыншы бөлім бір сағатқа созылған.

Телесериалды мен көзіме жас алып отырып көріп шықтым, ауыр тағдырлар мен әділетсіз билік айқын суреттелген. Сол заманның әлемінен бірақ шыққандай болып бір екі күн сол әсерден шыға алмай жүргенім де бар. Өте ауыр да, әсерлі фильм деп ойлаймын. Бұл фильмді әрбір қазақ көруі тиіс деп санап, сіздерге көруге кеңес беремін. Осындай тұғаларымызды танытатын қазақ киномы көбейе берсін!!!