Арман мен мақсат
жеке
блог

Арман мен мақсат

Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) Қазақстанның жетекші көпсалалы жоғары оқу орны. Шетелдік рейтингтік ғылыми журналдардағы әрбір үшінші қазақстандық басылымды ҚазҰУ ғалымдары басып шығарады. Мұнда оқуға болатын барлық мамандықтар бар және бұл осы университетке түсудегі бір де бір себеп деп санаймын.Барлық университеттер арасында студенттерге арналған ең үлкен қала бар, ол ауқымы мен студенттер санымен ерекшеленеді. QS World University Rankings халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша ҚазҰУ 2022 оқу жылында әлем университеттері арасында 150-ші орынға ие болды.

Мен "ақпараттық технологиялар жүйесі" факультетінде оқимын, 2022 жылы оқуға түстім. IT факультеті жақында 2018 жылы 15 қаңтарда құрылды. ҚазҰУ құрамына 14 факультет, колледж, біліктілікті арттыру институты, 7 ғылыми-зерттеу институты, 67 мамандықтарды докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 25 мамандандырылған диссертациялық кеңес кіреді, университетте 16 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторлар оқытылады. Ғылыми инфрақұрылымға 11 орталық кіреді. IT факультетінің миссиясы- IT секторын қарқынды дамыту үшін әлемдік деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау.Менің мамандығым сұранысқа өте ие, сондықтан ҚазҰУ факультеттердің салаларын кеңейтуге шешім қабылдады. Менің студенттік өмірім көңілді, эмоцияларға және қызықты сәттерге толы. Әл-Фараби атындағы университетке түсу қиын міндет болды, бірақ барлық қиындықтарға қарамастан мен өз дегеніме қол жеткізе алдым. IT саласында оқу керемет, бірақ бағдарламалауды үйрену үшін маған ағылшын тілін жақсы білу керек болды және менде ағылшын тілімен қиындықтар болды.ҚазҰУ университетінде менің өмірімде болуы мүмкін ең жақсы оқытушылар бар. Ағылшын тілі дәрісі өте жақсы деңгейде өтеді және бәрі түсініктін.Мен ағылшын тілін үйренуге қызығушылық танытамын деп ойламаған едім,бірак әрбір өткен сабақ өте қызықты және түсінікті өткене болар менің қызығушылығым артып келеді. Мен бұл процеске енгенім соншалық, бұл тіл туралы бәрі қызықты. Менің мамандығыма ағылшын тілі қажет екенін түсінгендіктен, мен 100% оқуға тырысамын. Сабақтар өте жайлы жағдайда өтеді. Сабақтарда жалықтырмайтын әртүрлі қызықты тақырыптардан өтеміз. Бірақ бәрінен бұрын сабақтар грамматикаға,лексикаға,сөздердің айтылуына бейімделген.Ағылшын тілі сабақтары нақты, артық сөссіз, барлық материалдарды өтуге уақыт бар.Қорытындап айтсам,мен өзімнің университетімде ағылшын тілін үйренуді өте жақсы көремін.

Орындаған: Орал Абылай

1 курс «Ақпараттық технологиялар» факултеті

Жетекші: Жемилева Мадина Маратовна